Қыркүйектің 3-і
Алаштың атаулы күні
• 1928 жылы Алматы округі құрылды.
• 1939 жылы Алаш қыпшақтанушысы, ғалым-археолог, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Сержан Ақынжанов (1939-1991) дүниеге келді.
• Бір жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді.
Туған күн иелері
Шериаздан Елеукенов (1929) – филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;
Нарғозы Данаев (1948) – физика-математика ғылымының докторы, профессор, академик;
Қайырғали Мырзабаев (1950) – полиция генерал-майоры;
Виктор Корчагин (1950) – Ақтөбе облысының прокуроры, Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері, 3 санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Айтқазы Шерубаев (1951) – Шығыс Қазақстан облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы;
Нұрлан Ысқақов (1952) – «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқарма төрағасы;
Әкім Ысқақ (1960) – Мәжіліс төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Халықтың көші-қоны туралы заңының авторы, ақын, композитор;
Еркін Оңғарбаев (1961) – «Парасат» холдингінің басқарушы директоры, заң ғылымының докторы, профессор;
Болатбек Баймаханов (1962) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Тимур Қуанышев (1964) – «БАТТ» корпорациясының президенті;
Асқар Мұхитдинов (1966) – «Стресті активтер қоры» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі;
Гаухар Көпеева (1972) – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
Алма Әлиқожинова (1976) –«Эйр Астана» АҚ вице-президенті.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘКІМ – араб сөзінен шыққан есім. Мағынасы «оқымысты, дана, ойшыл» дегенді білдіреді. Және де Ислам дінінде имани ілімі данышпаннан да жоғары мүмінді «Хәкім» деп атайды. Жаңа туған сәбиге «ақылды, оқығаны көп азамат болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспы.
3 Қыркүйек
Последние статьи автора