Ақпанның 24-і
Алаштың атаулы күні
• 95 жыл бұрын (1917) Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болып өтті. Ол Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас болып саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкімов ерекше ерлік көрсетті.
Туған күн иелері
Алданыш Нұрымов (1941) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Шәміл Әбілтай (1948) – күйші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Арман Қани (1954) – ақын;
Ерік Өтембаев (1966) – Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі;
Асылхан Әділов (1971) – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі;
Талғат Қуанышев (1973) – «Kassa Nova банкі» АҚ басқарма төрағасы;
Ғалым Ахмедияров (1973) – «Қазақ әуендері» АҚ президенті;
Нұрлан Өтешов (1977) – «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы;
Арсен Рамазанов (1986) – «Толғау» ЖШС менеджері.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
Алаш айнасы
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ШӘМІЛ – қазақ тіліндегі арабизмдер қатарына кіреді. Араб тілінен аударғанда «бәрін қамтушы, жинақтаушы, біріктіруші» деген мағынаны береді. Жаңа туған сәбиге «өнерлі, қол бастаушы, жан-жақты болсын» деген ниетпен қойылады. Халық арасында сирек ұшырасатын ныспы.