Сәуірдің 11-і
Алаштың атаулы күні
• 146 жыл бұрын (1867) Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды.
• Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні.
Туған күн иелері
Файзолла Бісмілдин (1957) – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры;
Нұрлан Далбаев (1961) – мүсінші, Алматыдағы Тәуелсіздік монументі авторларының бірі;
Асқар Мусинов (1961) – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі;
Нұрлыбай Итекбаев (1967) – «Алаш айнасы» газетінің техникалық редакторы;
Айдар Кенжеев (1973) – әскери подполковник;
Қуандық Бішімбаев (1980) – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ФАЙЗОЛЛА – таза араби есім. «Файыз» сөзі – ілім-білім деген мағына білдірсе, ал «Олла» – Алла деген сөз. Жаңа туған сәбиге «Алланың ең сүйікті құлы болып, әлемдегі бар жақсылықты бойына жиған білімпаз, дана, парасатты болып өссін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін есім.