"Жігіттерге сатамыз деп қорқытты": алматылық бойжеткен өзін 7 қыз қорлағанын айтты

"Жігіттерге сатамыз деп қорқытты": алматылық бойжеткен өзін 7 қыз қорлағанын айтты

Алматыда 20 жастағы бойжеткен өзін жеті қыз жабылып соққыға жығып, бір жігіт зорламақ болғаны туралы мәлімдеді. Жәбірленуші НемолчиKZ қоғамдық қорына жүгініп, өзінің қандай қорлық көргенін жазған. Алматы қалалық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты қылмыстық істі тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 мамырда Алматыда болған.

 

НемолчиKZ қоғамдық қорының мәліметінше, 20 жастағы Ұзынағаш ауылының тумасы жеті қыз және бір жігіттен әбден қорлық көрген.

 

"Жеті бойжеткен Алматыда жұмыс істейтін 20 жастағы қызды соққыға жыққан. Оны бес жігітке сатамыз деп қорқытқан. 100 мың теңге бопсалап алмақшы болған, қатты ұрған, қыздың тісі сынып, ауыр жарақат алған. Зорлық жасай ма деп қорқып, үшінші қабаттан терезеден секірген", - деп жазады Дина Таңсәрі желідегі парақшасында.

 

Жас қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен.

 

Қоғамдық қор жетекшісінің сөзінше, қыздың екі өкшесі, омыртқасы, қолы сынған, тағы басқа да ауыр жарақаттары бар. Қазір ол ауруханадан үйіне шығарылған.

 

Бұл оқиға туралы Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

 

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс тіркелген.

 

"Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар анықталуда. Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу барысы басшылық бақылауында екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста