ХҚКО қызметкерлері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеуге қоюмен айналысқан

ХҚКО қызметкерлері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеуге қоюмен айналысқан

Соңғы үш жылда Арнайы ХҚКО қызметіндегі жемқорлық туралы 18 қылмыстық іс тергелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аntikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты 18 қылмыстық істі тергеді.

 

Бұл істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалды, ал заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды.

 

Қылмыстар Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жасалды. 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Елордада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын Арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

 

Қылмыстық топ азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау жолымен, олардың ақшаларын ұрлап, 500-ге жуық көлік құралын заңсыз тіркеуді жүзеге асырды.

 

Бір көлік құралын ресімдеу автокөлік жүргізушілеріне 400 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін шығын келтірді.

 

Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде шамамен 1 млрд.теңге сомасына залал келтірілді.

 

Тергеу сотының санкциясымен қылмыстық топтың 9 қатысушысы, оның ішінде елордалық Арнайы ХҚКО басшысы қамауға алынды.

 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында қылмыстық істер және Арнайы ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері Агенттік Төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали бастаған кеңейтілген кеңесте талқыланды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов, Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, «Азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басшылығы, қоғам қайраткерлері, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

 

Сындарлы диалог өтіп, жүргізуші куәліктерін заңсыз алу, шетелдік автокөліктерді есепке қою бойынша қолда бар қылмыстық схемалар жарияланды, сондай-ақ оларды жою жөніндегі шаралар талқыланды.

 

Уәкілетті органдарға Агенттіктің осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі ұсынымдары жеткізілді.

 

Атап айтқанда, ақпараттық жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету, ІІМ өңірлік бөлімшелерінің автомобильдердің тіркеу деректерін түзету функциясын болдырмау қажеттігі көрсетілген.

 

Нормативтік құқықтық актілерде, оның ішінде емтихан комиссиясының жұмысын, шетелден әкелінген автомобильдерді тіркеуді және осы саладағы басқа да мәселелерді реттейтін олқылықтарды жою ұсынылады.

 

Сондай-ақ, көлік құралдарын қайта тіркеу кезінде олардың «VIN-кодын» тексеруді қайтару туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

 

Жалпы, кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп, қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескере отырып, Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлықты жою бойынша шаралар кешені әзірленді.

 

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшыларына осы жұмысты жергілікті деңгейде үйлестіруді жүзеге асыру тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста