Елордада спорт саласының шенділері бөлінген қаржыны қалтаға басқан

Елордада спорт саласының шенділері бөлінген қаржыны қалтаға басқан

Елордада спортты дамыту дирекциясының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Вugin.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Астана қаласы әкімдігі Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Істі агенттіктің елордалық департаменті тергеуге алған.

 

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іссапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырылған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты дирекция басшылығы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі – 70 млн теңге. Сондай-ақ дирекция басшысының оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

 

Басшыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста