Ақша жымқырған Ақмола облыстық ДСБ-ның экс-басшысы сотталды

Ақша жымқырған Ақмола облыстық ДСБ-ның экс-басшысы сотталды

Ақмола облысының аудандық сотында «Бурабай Авиценна» ЖШС басшысы Киласьев пен өңірдің денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясовқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кyn.kz-ке сілтеме жасап.

Сотта күдіктілер қылмыстық ісі жеке іс жүргізуге бөлінген АҚШ азаматы Юлия Гагаркинамен қылмыстық сөз байласып, 2017 жылы Бурабай ауданының денсаулық сақтау объектілерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жасасқанын анықтады.

 

Шарттың талаптарына сәйкес, компания нормалар мен техникалық шарттарға сәйкес келетін бұрын пайдаланылмаған жаңа медициналық жабдықты сатып алуы керек еді.

 

Алайда сотталушылар 1 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты иемденіп, талаптарға сай келмейтін медициналық техниканы жеткізді, нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

 

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, кәсіпкердің мүлкі – автокөлігі тәркіленді.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын экс-шенеуніктің 8 жылға сотталғаны хабарланған. Сондай-ақ, АҚШ азаматы Юлия Гагаркинаның Щучинск қаласындағы ғимараты мен жері, көлігі тәркілегені белгілі болды. Тергеу оның Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен Lexus маркалы автокөлікті заңсыз сатып алғанын анықтады.

 

Гагаркина денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен келісе отырып, клиникалар желісінің иесі ретінде 1 167 513 600 теңге бюджет ақшасын ұрлады деген күдікке ілінді. Ұрлық ескі медициналық жабдықты жаңа тауар ретінде жеткізу арқылы жүзеге асырылды, олардың кейбіреулері жұмыс істемейтін күйде болды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста