Жол апатының алдын алу – Президент жүктеген міндет

Жол апатының алдын алу – Президент жүктеген міндет

2019 жылғы 17 сәуірде өткен ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатыстқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне жеті міндет жүктеген еді. Сол міндеттің бірі – жол-көлік апатының алдын алу болатын. Президенттің бұл мәселеге ерекше назар аударуы тегіннен тегін емес. Өйткені, соңғы жылдары елімізде көлік санының артуымен қатар жол-көлік апаты да едәуір артқан.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

– Қазақстанда жол-көлік апатынан қайтыс болу мүмкіндігі Еуропа елдеріне қарағанда 11 есеге көп. Біз бұл проблеманы көптің алдында Парламентте де, Үкіметте де талқыладық. Алайда мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Жыл сайын жол-көлік апатынан 10 мыңнан астам адам көз жұмады. Мұндай адам шығынын ірі қарулы қақтығыстар мен соғыстардағымен салыстыруға болады. Жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін мен Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне, әкімдіктерге қозғалысты бақылайтын интеллектуалды жүйелерді енгізу мен инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қатысты қажетті шараларды қолдануды тапсырамын.

 

Әрине, Президенттің бұл мәселеге айрықша назар аударуы түсінікті. Өйткені, бейбіт күнде мыңдаған адамның опат болуы алаңдатарлық жағдай.

 

Бұл тәуелсіздік алған кезеңнен бастап жоғары мінберлерде жиі талқыланып келе жатқан мәселе. Өйткені, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде шетелден көлік әкеліп сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырғандар қарасы көбейді. Тиісінше, көлік саны да күрт артты. Шет елдерден жеткізілген көлікттердің басым көпшілігі ескі болды. Ондай көлік легіне еліміздің жолдары да сай емес еді. Оған жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де дайын болмай шықты. Салдарынан жол-көлік апаттары мен онда қаза болғандар саны жыл санап арта түсті.

 

Үкімет те қол қусырып қарап отырған жоқ. Бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Ең алдымен жолдарды кеңейтіп, сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Сонан соң, көлік санын азайту мақсатында оң жақ рөлді көліктерді ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылданда. Өйткені оң жақ рөлді көлік бағасы арзан болғанды. Сол себепті ол көліктерді елге жеткізушілер қатары көбейді. Оған қоса,  жол-көлік апаттарына жасалған сараптамалар оң рөлді көліктердің жол апатына жиі ұшырайтынын көрсеткен.

 

Үкімет бұл бағыттағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Жыл сайын ірі қалалардағы жолдарды кеңейту жұмыстары жүргізіліп отыр. Қордаланған мәселені оңтайландыру мақсатында 2011 жылы индустрия және сауда министрлігі ел аумағына әкелінетін ескі көліктерге баж салығын арттыру туралы бастама көтерді. Ондағы мақсат – еліміздегі ескі көліктер санын азайту, экологияны сақтау, отандық автоөндірісті қолдау болатын. Кейіннен индустрия және сауда министрлігінің бұл ұсынысы заңмен бекітілді.

 

Оған қоса, 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап тозығы жеткен көліктерді сатып алу бағдарламасы толығықтай іске қосылды. Сонымен қатар, отандық автокөлік сатып алушыларға 4 пайыздық жеңілдетілген несие беру қолға алынды. Нәтижесінде, отандық автопарк құрамы біршама жаңарды, жол-көлік апаты біршама азайды.

 

Жол-көлік апатының азаюына септігін тигізген факторлар қатарына еуропалық стандарттарға сай жолдар мен жол бойына орнатылып жатқан бақылау бейнекамераларының көбеюін қосуға болады. Бүгінгі таңда еліміздегі еуростандартқа сай жолдардың ұзындығы 11 мың шақырымға жетіп отыр. Күре жолдар мен қала көшелерінде орнатылған бейнеқалау камералары жол ережелерін бұзушылықтың алдын алуда оң нәтиже көрсетіп келеді. Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда жол ережесін бұзушылықтар мен жол апаттарының саны біршама азайғаны байқалады.

 

Жол-көлік апатының азаюына жол полициясы қызметінің жұмысына жасалып жатқан ішкі істер қызметін реформалаудың да үлесі барын айта кетуіміз қажет. Дегенмен халықтың жол полициясына деген көзқарасы оң еместігі де ешкімге құпия емес. Көпшілігіміздің түсінігімізде жол полициясы парақор, жазалаушы-жендет. Әрине, халық арасында осындай көзқарастың қалыптасуына базбір полиция қызметкерлерінің қылығы себеп. Бір кездері тасада жасырынып тұрып, болмышы бұзушылық үшін пара талап етіп жүретін жол полициясы қызметкерлері болғаны баршаға аян. Әйтсе соңғы жылдары жасалып жатқан реформалар мұндай келеңсіздіктерді жойды. Енді жол полициясы қызметкері тасада жасырынып тұра алмайды. Олар бақылауды жолда жүріп, жүзеге міндетті.

 

Тәуелсіздік жылдары ауыл халқының басым бөлігі ірі қалаларға қоныс аударды. Сонымен қатар еліміздегі көлік саны артты. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің жетіспеушілігін туындатты. Ішкі істер қызметіне жасалған реформаның нәтижесінде бұл мәселе оңтайлы шешім тапты. Жол полициясы мен потрульдік полиция біріктіріліп, «Жол-патрульдік полициясы» болып қайта құрылды. Бұған дейін жол полициясы тек көлік қозғалысын бақылап келсе, потульдік полиция тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысқан еді. Енді енді полицияның екі бөлімі біріктіріліп, жол қозғалысын бірге бақылап, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда да бірлесе жұмыс атқаратын болды. Бұл өз кезегінде полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берді.

 

Оған қоса, қала көшелері түгелдей дерлік бейнекамералар арқылы бақыланып отырады. Көше қиылысында бағдаршам істен шықса не болмаса кептеліс болса, бақылау пультінде отырған қызметкер ол жайлы орталыққа хабар беріп, туындаған мәселе жедел шешімін тауып отырады.

 

Ішкі істер органдары қызметіне жасалып жатқан реформа полиция қызметкерлерінің ғана жұмысын жеңілдетіп қоймай, азаматтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еркін жүріп-тұруына жағдай жасап отыр.

 

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста