Судьялыққа талап жоғарылап келеді

Судьялыққа талап жоғарылап келеді

Сот шешімін шығаруда судья біліктілігінің жоғары, қара қылды қақ жарған әділдігінің шынайы болуының маңызы зор! Сондықтан біздің елімізде жыл санап судьялыққа үміткерлерге қойылар талап жоғарылап келеді. Жалпы бізде ғана емес бұл дүниежүзі елдеріне ортақ қағида. Әлемнің ірі алпауыт елдері өркендеу мен құқықтық тәртіпке қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді даму стратегияларында заң үстемдігі қағидасын халықтың санасына берік енгізген.

Құқықтық мемлекет құру жолындағы сот реформаларын жүргізу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және күнделікті өмірде құқықтық тәртіпті сақтауға мән берген елдің есебі түгел деуге болады. Заң үстемдігін жүзеге асыратын сот билігінің басты тұлғасы – судья, ол қоғамдағы келеңсіздіктер мен дауларды заң жолымен реттейтін өте маңызды тұлға.

«100 нақты қадам. Ұлт жоспарында» судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілін міндеттеу, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізу және ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өткізу секілді міндеттер қойылған болатын. Осыдан соң ұлттық комиссия судьялыққа үміткерлердің жасын 30 жасқа дейін өсіру және олардың сот саласына тікелей қатысты бес жылдық жұмыс өтілін енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Судьялыққа үміткерлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралды. Мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі заман талабы деуге болады.

Қоғамда заңды орындап, әділеттілік салтанатын орнату жоғары моральдық қасиетке ие, шын мәніндегі білікті маман-судьялардың міндеті. Судья лауазымы жоғары статусқа ие әрі қатаң талаптарға жауап бере алатын білікті болуы шарт. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралыКонституциялық заңға 2019 жылы 21 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңның 29-бабына сай, ендігі жерде судьялыққа кандидаттарға қойылатын талап – 30 жастан жоғары, 5 жылдан кем емес заңгерлік қызмет өтілі болса, үш кезеңнен тұратын біліктілік емтиханына кіреді. Яғни, психологиялық тест, эссе жазу, тест тапсыру қажеттігі туады. Сондай-ақ, ауызша сұрақ-жауап пен полиграфиялық зерттеуден өту талабы тағы бар. Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бітіріп, біліктілік емтиханын сонда тапсырғандароқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады. Осыдан соң негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан өтіп, соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алу керек.

Өзгерістерге сай, бұрын “Сот жюриінің біліктілік комиссиясы” деп аталатын комиссия енді “Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия” деген атауға ауыстырылды. Бұл комиссия судьяның кәсіптік қызметін бағалауды жүзеге асырады. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясы мен отставкадағы үш судьядан тұрады.

Кандидат осы талаптарға сай келсе, қажетті құжаттарды тапсырып, бос орын жарияланған конкурсқа қатыса алады. Судьялыққа өткен соң алғашқы жылы жұмыс нәтижесі бойынша кәсіби қызметіне баға беріледі.

Заңның 44-бабында сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарады. Ол шешімді шығарудаатқаратын лауазымына сай деп тану, жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау, жоғары тұрған лауазымға кадр резервіне алуға ұсыным жасау, кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану немесе жоғары лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.

Барлық елде судьялардан жоғары білім, өміртанымы, заңгерлік тәжірибесі, интеллектуалдық мүмкіндіктері сияқты өлшемдер талап етіледі. Әр судья заңдағы өзгерістерді тез қабылдап, сот тәжірибесінде орайлы қолдану, жаңалыққа жаны құмар, бәсекеге қабілетті бола білуі керек. Ең бастысы, әр дауды шешуде әділеттілік пен ар-ұяттан аттамаса, судьяның абыройы арта түсетіні анық.

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен «Сот төрелігін жетілдірудің 7 түйіні» деп аталатын ауқымды бағдарлама дайындап, оның аясында «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба судьялықтан үміткер мамандар қатарын арттыруға, олардың ерік-жігерін қайрауға зор мүмкіндік беріп отыр. Судья көмекшілері сотта істің қалай қаралатынын, сот процесінің қалай ұйымдастырылатынын, дәлелдемелерді заң нормаларына сәйкес зерттеу, сот актілерін сауатты жазуға машықтану жұмыстарын меңгере алады. Сонымен қатар соңғы жылдары заңнамаға енгізілген өзгерістерге сай судьяның іс барысында өзінің көзқарасын білдіруге, сот барысында өзін еркін ұстауына мүмкіндік берілуде. Яғни судьялардың барынша іске әділдігі қамтамасыз етілуде. 

Судьялардың қызметіне бақылау жасау, оған баға беру, олардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері заңда тікелей көрсетілген. Егер судьялар көрсетілген заң нормаларын, судьялар әдебі туралы кодекс талаптарын бұзса, оларды қызметінен аластату немесе тиісті тәртіптік шаралар қолдану қазіргі кезде заңдылық негізде дұрыс жолға қойылған.

Біз тәуелсіздік құндылықтарын қорғайтын қуатты әрі тәуелсіз сот болуымыз үшін адамгершілік пен турашылдықтан таймай, әр адамның құқығын қажымай қорғай білуге тиіспіз.

Тәуелсіздіктің барша қазақстандықтарға артар міндеті мол. Еңселі ел болу жолында әлеуетімізді асырып, кең-байтақ жерімізге, ақ көңіл азаматтарымызға адал да әділ қызмет көрсету тек судьялардың емес, мемлекеттік қызметте, лауазымды орында отырған әрбірімізге міндет. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында сот саласында әділ сөт төрелігін қамтамасыз етіп, халықтың сотқа деген сенімін қалыптастыруда еліміздің қазыларының өзіндік рөлі болғанын атап өту керек!

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста