Сот жүйесінің "жеті түйіні"

Сот жүйесінің "жеті түйіні"

Азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік берілуі, сотының тәуелсіз және әділ болуы тәуелсіз мемлекеттің басты бел­гілері. Халқымыздың біртуар ұлы Әли­хан Бөкейханның «Би түзу, билік әділ болсын» деген сөзі осы заңдылықты одан әрі айшықтап тұр. Баба өси­етінің үдесінен шығу жолында тәуелсіз еліміздің сот жүйесінде жаңа бастама­лар үздіксіз қолға алынуда.
Жақында Жоғарғы Сотта «Сот жү­йесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарла­масы шоғырландырылды. Солардың бастысы – мінсіз судья. Халық сенімі мен құрметіне ие болуда сала судья жұмысына тікелей тәуелді. Яғни, сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. Мұны ескерсек, тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру қа­шан да өзекті. Бұл тұрғыда Ұлт жоспа­рының 17­ 19 ­қадамдарын, яғни, су­дья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін, Сот төрелігі академиясы, судьялардың есептілігі мен жауапкер­шілігі институтын одан әрі жетілдіру шаралары жан­жақты саралануда. Ал, әділ процесс аясында соттың әділ­дігі мен объективтілігіне қоғамның қанағаттанбау себебін анықтау, сол арқылы халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизмін дайындау жоспар­ланған. Мысалы, істерді уақытылы қарау, сот процесі қатысушыларының шынайы тең құқықтарын қамтамасыз ету, т.б. оң шаралар арқылы бірізді әділ сот тәжірибесін қалыптастыру көзделуде. Үшінші басымдық үлгілі сот деп аталды. Оның басты мақсаты 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесі­ не халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру. Бұлар жұмысты оңтайлы ұйымдастыру, сер­вистер сапасы, сот персоналы, материалдық ­техникалық қамсыздандыру, жүктеме, ресурстарды тиімді пайдала­нумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесін­ де заманауи ақпараттық технологиялар белсенді қолданылып жатқанымен, әлі жоғары деңгейде емес.

Е­-СОТ шеңберінде халық пен сот қызмет­керлерінің ІТ­қызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылмақ. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрон­дық сервистер жасалады. Нәтиже­сінде судьялар жұмысы жеңілдеп, сотқа жүгінушілер әуре­сарсаңы азай­мақ. «Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарым­қатынасты орнатуға арналған. Сот актілерінің түсінікті жазылуы мен олардың орындалуы өзектілігін жоймайтын мәселе. Және осы мәселелерде сапалы нәтижеге жету қоғамның сотқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің бір парасы. Сондықтан, қабылданған сот шешімінің уәждері түсінікті және анық болуы тиіс. Оған жету жолында аталған бағдарлама шеңберінде атқа­рылар шаралар оң нәтиже береріне сенім мол. Жобаның соңғы түйінін сотсыз та­ туласу орталығы тарқатады. Медиа­ция туралы заңның қабылданғанына бірнеше жыл болғанымен, қарқынды нәтиже байқалмауда. Оның басты се­бебі, медиаторлар мен адвокаттардың дауларды сотсыз шешуге біріге әрекет етпеуінде. Сонымен бірге, азаматтар­дың даулы мәселелерін шешуге ар­налған қызмет көрсететін орталықтар­дың жоқтығы да кедергі. Осыларды ескерген Жоғарғы Сот төрағасы айтып отырған мәселені түбегейлі шешуді қолға алды. Қазіргі күні «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасымен ел соттарының ғимараттарында арнайы татуласу ор­талықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариус­тар, психологтар, сот орындаушылар біріге көмек көрсетеді. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін жүзеге асуда. Сотқа жүгінушілер құқығын қорғауда судьямен қатар, әрбір сот маманы да өз міндетін мүл­тіксіз орындауы тиіс. Басына іс түсіп келген адамдармен сөйлесудің өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, судья мен маманның әрбір іс­әрекеті сотқа келушінің көңіл­күйімен қоса, сот әділдігіне деген сеніміне де әсер етеді. Осыны естен шығармауымыз керек. Жоғарғы Сот төрағасының «Фойені, отырыс залын, тіпті жиһаздың қалай тұрғанына дейін байқап көріңіз. Осы­ның бәріне қарапайым адамдардың, күнделікті келушілердің көзімен қарай біліңіз. Жазған сот актіңіз шағымға берген жауабыңыз сауатты, сөйлесу мәдениетіңіз жоғары болса, онда Сіз ха­лықтың құрметіне ие бола аласыз» деуі бекер емес. Сот төрелігіне сенімді арт­ тыруда болмашы нәрсе болмайды. Сот төрелігінің әділдігі мен жауапкершілігін, тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасын, судьялардың біліктілігін мінсіз жағдайға жеткізгенде ғана біз құқық үстемдігін қамтамасыз ете аламыз.  

Баян ЖҮСІПБЕКОВА,
Алматы қалалық мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста