Сот саласындағы жаңа реформалардың берері көп

Сот саласындағы жаңа реформалардың берері көп

Бүгінгі таңда жас мемлекетімізде сот жүйесінің өзіндік функциясына лайық, қандай да бір мүдделілікке мойын бұрмай, қара қылды қақ жарып төрелік айтатын жағдай қалыптасқан. Судьялар заңдық тұрғыдан да, материалдық қамтамасыз ету тұрғысында да тәуелсіздік деңгейіне жеткен. Бұл бағытта мемлекет тарапынан да жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, жүргізіле де бермекші.

Мемлекет асшысы Жолдауында азаматтардың іскерлік белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру қажеттігін, соған сай ұлттық құқықтық стандарттармен сәйкестендіре отырып, қылмыстық жазаны ізгілендіру жөніндегі реформалар жүргізу керектігін айтқан болатын. Осы орайда елімізде бірқатар қодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп бекітілді. Осылайша, аталған заңдар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Жаңа кодекстердің бұрынғыларынан едәуір айырмашылықтары бар. Біріншіден, бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің құрылымындағы өзгерістерге қатысты.

Ескі қылмыстық кодекс 393 баптан тұрса, жаңасындағы баптардың саны 467-ге дейін көбейген. Статистикаға жүгінсек, соңғы жылдары елімізде қылмыс саны азайған.

Бүгінде мемлекеттік органдар адамды айыптау амалынан біртіндеп ауытқып, олардың құқын қорғау арнасына түсіп келеді. Мұның бәрі ауыр дәрежелі қылмыстарды орта дәрежелі қылмыстарға ауыстыру арқылы жүзеге асуда. Сот жүйесі уақыт талабына сай іргелі өзгерістерді бастан кешіріп, өз дамуында сапалық жаңа деңгейге көтерілгеніне барлығына куәміз. Мәселен, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде сот төрелегін жүзеге асыру бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау) үш сатылы жүйесіне (бірінші, апелляциялық, кассациялық) көшті. Бұл дегеніміз, аудандық оған теңестірілген соттар бірінші саты болып есептеледі. Бірінші саты шығарған соттың шешіміне қанағаттанбаған тарап апелляциялық сатыға, яғни облыстық сотқа шағымдана алады. Шағымданушы тараптар осы сатыда қабылданған шешім жан-жақты қаралып, оңды шешім қабылданды деп келіспеген жағдайда, тараптар одан әрі Жоғарғы Соттың құзыретіндегі кассациялық сот алқасына шағымдануға құқысы бар. 

Жалпы сот саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың басты мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін көтеру болып табылады. Сондай-ақ еліміздегі сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру,  жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату секілді саладағы басты мәселелер елімізде жасалған реформалардың арқасында шешіліп келеді. Жүргізіліп жатқан реформалар адал, әділ, өз ісіне қалтықсыз берілген, заңдылықты сақтаудың озық үлгісін көрсеткен судьяларды қорғау жағдайларын қарастырады, сонымен қатар, өз ісіне немқұрайлы қарайтын, Судьялар әдебі кодексін, заң талаптарын бұзуға жол беретін судьяларға жауапкершілік жүгі жыл өткен сайын қатаңдатылып келеді. Сондықтан жетілдірілген сот саласы қоғам сұранысына сай дей аламыз.

Қуаныш ЕРСҰҢҚАР

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста