Медиация жобасын жүзеге асыру

Медиация жобасын жүзеге асыру

2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Азаматтық процесстік кодексіне «Дауларды соттан тыс реттеу» деп аталатын жаңа тарау енгізілген. (17 тарау, 174-182 баптар).

Кодекс енгізілген екі жылдан бері азаматтар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасауға мүмкіндік алды. Құжатқа сәйкес, татуласу келісім бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда судья кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі уақытта, сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ, сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы қарастырылған.

Азаматтар өз шарттарын қойып, оған өзара келіскен жағдайда ғана татуласу келісімі бекітіледі. Ең бастысы, шешім орындалмай қалмауы керек. Тараптар өзара келісімге келу арқылы өзіне жүктелген міндеттемені де дер кезінде орындауға міндеттенетінін қаперінде ұстауы шарт. Келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда талапкердің өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағы мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.

Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың  28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы жария етілді.

Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 26.01.2017 жылғы өкімімен  «Медиация тәртібімен кейбір даулар бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеуді еңгізу пилоттық жобасын жүзеге асыру» Ережесі бекітілген, осы пилоттық жоба көптеген даулардың сотқа дейінгі тәртіпте шешуін, мысалы, неке бұзу туралы, мүлік бөлісу туралы, кейбір еңбек даулары бойынша, баланың құқығын қорғау даулары және т.б. даулар бойынша көздеген.

Бүгінгі күні медиация институты – дау-жанжалдарды шешудің ең тиімді баламалы жолы және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауға арттыру жолы.

  Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітімгершілікке келтіру болып саналады. Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етеді.

М.Ы.Жебалханова, Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста