«Жастар – қоғам дамуының жетекші күші»

«Жастар – қоғам дамуының жетекші күші»

Р.Ө.Озғамбаева п.ғ.к., шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы, ҚазМҚПУ

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің ұжымы оның ішінде профессорлық - оқытушылар құрамы, кафедра оқытушылары, магистранттар және студенттер 2018 жылғы қазанның 5-ші жұлдызындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауымен танысып, оның әр тармақтарын мұқият талқылады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы жолдауларында елдің экономикалық саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болатын, ал қазан айындағы Жолдауында әрбір қазақстандық отбасына қатысты білім беру, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, тұрғын үй салып, еңбек ақыны көбейту, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелерін қарастырған.
75 жылдық тарихы бар мектеп және мектепке дейінгі білім беретін мамандар дайындайтын білім ордасының оқытушысы ретінде Елбасының Жолдауындағы «Педагогтар мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және қабылдау арқылы білім беру саласында үлкен жетістіктерге жететінімізді және де мұғалімдердің мәртебесінің жоғарылауына, ал мұғалімнің мәртебесі жоғары болса, тәрбие, білім берудің сапасы артып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосатынымыз анық. Осы тармақ барлық әріптестерімнің көңілінен шықты.
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылда «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялануы университетіміздің жастар саясатына үлкен серпін беретіндігіне сенімдіміз, себебі жастарымыздың потенциалы өте жоғары, Елбасының әрбір тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға күш-жігерлерін, білімдерін пайдалана отырып, көзделген мақсаттарды орындауға өз үлестерін қосады деп айта аламын.
Айта кететін қуанышты хабарымыз, 2019 жыл- Жастар жылымен университетіміздің 75 жылдық мерей тойы тұспа тұс келіп тұр, көптеген танымал, белді де білімді мамандар дайындап шығарған осы киелі білім ордасының түлегі, білікті қолбасшы, ректорымыз- Алдамбергенова Гауһар Төремұратқызының бастамасымен іс-шараға дайындық басталыпта кетті.
Сәл тарихқа үңілсек, қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдау білдірді.
Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті QS Stars University Ratings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленген тұңғыш педагогикалық жоғарғу оқу орны екендігін айта кеткім келіп отыр.
ҚазМемҚызПУ – еліміздегі педагогикалық білім беретін оқу орындары арасында үздік көшбасшы. Оқу орны ұжымының белсенді әрі бірлескен қызметі жыл сайын жемісін беріп келеді. Ұлт тәрбиешілерін дайындауды мақсат тұтқан оқу ордасы өз миссиясынан таймай келеді.
Ырымшыл халықпыз ғой 2019 жыл Университетімізге үлкен өзгерістер, жақсылықтар, тың идеялар әкелетініне шүбә келтірмеймін.
Елбасының жолдауы жоғары оқу орны саласында қызмет ететін педагогтарға серпіліс беріп, жаңа форматта маман даярлауға және жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста