Смакова Анар Долдабекқызы: Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға

Смакова Анар Долдабекқызы: Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға

Кез келген ұлттың болашағы – ұрпақтың тәрбиесімен ұштасып жатыр. Сондықтан да, мемлекет бұл мәселеге мейлінше мән бермейінше, келешегінің кемел болатынына кепілдік те жасай алмайтыны ақиқат. Ал жас өскелеңді тәрбиелеудегі бірден бір орта – білім беру мекемесі. Соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие – салиқалы адамның қалыптасуындағы басты баспалдақ. Өйткені, балабақша бала тәрбиесінің, бала мінезінің қалыптасуына, мүмкіндігінің ашылуына үлкен әсер ететін орта. Сондықтан да, осы бағытта мемлекеттік қамқорлық соңғы жылдары ұлғайып келе жатқандығы сөзсіз. Дегенмен, заман талабын ескерсек, тәрбие беру, біліммен сусындату, соның ішінде тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастырып, тың идея¬лар мен инновацияларды енгізу өзектілігін жоймайды. Осыған орай, «Алаш айнасы» интернет-порталының тілшісі Астана қаласындағы №63 «Әсем-ай» балабақшасының меңгерушісі Смакова Анар Долдабекқызымен сұхбаттасқан болатын.
- Анар Долдабекқызы, бала тәрбиесінде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру жағы сіздердің балабақшада қаншалықты қамтылған? Әңгімені осыдан бастасақ?
- Жалпы біздің балабақшаның педагогтары - жоғары білімді, білікті, өз кәсібінің мамандары. Жыл сайынғы жоспарланған біліктіліктерін арттыру курстарына қатысып жүр. Олар өз білімдерін жетілдіру мақсатында халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми - тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысып отырады және балақшада үнемі ұйымдастырылып отыратын әдістемелік жұмыстарда белсенділік танытып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жазып, шығармашылық құзыреттілігін дамытып келеді.
- Баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Ендеше балабақшаның ата-аналармен тығыз жұмыс істеу жағы жолға қойылды ма?
- Әрине, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу жолға қойылған. Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізіледі. Бала тәрбиесіне ықпал ететін бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Құбылтас» мектепалды даярлық тобының ата-аналары арасында «Әкем, анам және мен спортшымыз шетінен» — отбасылық сайысы балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету, үлкендерді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өтсе, ортаңғы топтары арасында әжелердің қатысуымен «Ақ әжелер» сайысы үлкен адамдарға құрмет көрсетіп, сыйлауға, айтқандарын есте сақтап, үлгі тұтуға тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерге үйрету арқылы ой-өрістерін, тілдерін дамытуды көздейді. Барлық топтардағы өткізілген іс-шараларға балалар белсенді қатысып, өлең-жырларды мәнерлеп оқу арқылы ертеңгіліктердің сәнін келтірді. Ортаңғы топ тәрбиешілері Д.Умиржанова мен Э.Динжанованың ата-аналар арасындағы «Отбасым – алтын діңгек» сайысы көрермендердің есінде ұзақ сақталды. Бұл сайыс ортаңғы топ ата-аналарымен өткізілді. «Зүмрет» тобынан Камерденовтар, «Зертас»тобынан Қажыбековтар, «Маржан»тобынан Болатовтар отбасы қатысты. Сайыстың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
- Балабақша кезегінде тұрғандар саны көп. Осы орайда олардың мәселесін шешу балабақша құзырындағы дүние ме?
- Бұл балабақша құзырында емес. Менің білуімше, балабақша кезегінің жылжу тапшылығы тек қана Алматы мен Астана қалаларында туындап отыр. Себебі Астана қаласында мәлеметтерге сүйенсек, демаграфиялық жағдайға байланысты күніне 60 бала дүниеге келеді, 20 бала басқа қалалардан көшіп келеді. Қазіргі кезде Астана қаласы бойынша жалпы кезекте тұрған бала саны – 79900, оның 34000-ы екі жастағы балалар. Жыл сайын жаңа балабақшалар кішкентай бүлдіршіндеріне есігін айқара ашады. Бүгінгі таңда Астана қаласында жалпы 150 балабақша бар, оның 77- сі мемлекеттік балабақша және 73 жеке меншік балабақша, сонымен бірге 24 шағын орталық бар. Соның өзінде балабақша тапшылығы Астана қаласы бойынша өте үлкен. Мәліметке сүйенсек, барлық балаларды балабақшамен қамтуға әлі де 300 балабақша салып, педагогикалық мамандарды даярлау талап етеді екен.
- Сіз басқарып отырған балабақшаның техникалық базасына тоқталып өтсеңіз?
- Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі жастағы балалардың дамып-жетілуіне жағдай жасау, білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. Сондықтан балабақшаның техникалық базасы жан-жақты қарастырылып, төмендегідей міндеттерді шешу мақсатында жабдықталған. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын баланың балалығына бағытталып жабдықталған. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етеді. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосуға негізделген. Барлық топтар балалардың жас ерекешеліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларының әдістемелік құралдары, электронды киіз үй, электронды әдістемелік оқулықтар, сиқырлы қалам, Абайтану әліппесі, тілашар көмекші құралы, кішкентай тілмаш электронды жинағы, видео камера, фотоапарат, әуенді кесте әдістемелік нұсқаулығы, «Балбала» ойыншықтары, ұлттық ойыншықтар, ноутбуктар, проектор, компьютер, синтезаторлар, музыкалық орталық, сенсорлы магнитті тақталар, E-blocks құрылғылары, интерактивті тақта, т.б техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.
- Естуімізше Сіздер Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесімен тәжірибе алмастырдыңыздар, осы туралы кеңінен тарқатып өтсеңіз.
- Ия, дұрыс айтасыз, 2014 жылы мамыр айында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірнеше басшыларымен Жапонияда болдым. Әрине, сол сапардан кейін біздің елдің білім жүйесіне салыстырмалы талдау жасап көргне едім. Көптеген ұқсастықтар баршылық екен. Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартында бес білім беру салалары (денсаулық, қатынас, шығармашылық, таным, әлеуметтік орта) болса, оларда да бес білім беру бағыттары (тіл, қоршаған орта, әлеуметтік қатынас, денсаулық, сезім білдіру ) көрсетілген. Бүгінгі таңда біздің еліміздің бала тәрбиесіндегі ата-ананың түсінігі баланы балабақшадан мектепке дайындау, ал Жапон елінің ерекшелігі - баланы ерте жастан тәрбиелей отырып, алдымен балабақшаға дайындайды, сонда кейін мектепке дайындайды. Тағы бір аңғаратын жайт, біздің ата-аналардың талап тілегі баланың ой-өрісін дамыту басты болса, Жапон елінде ата-аналар баланың толыққанды дене дамуын басты назарда ұстайды. Біздің балабақшаларда, білім саласында жалпы білім беруде педагог құрамы әйел адамдар болса, оларда ер адамдар жиі кездеседі.
- Балалар байқауында бүлдіршіндеріңіздің қандай жетістіктері бар?
- «АСТАНА ДАРЫНЫ» ғылыми-практикалық орталығы өткізген «Ғажайып күз» атты бірінші қалалық сурет конкурсында Жұмаш Мирас, Нұрмышева Әдия ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, Қалдыбаева Әсел Республикалық балалар байқауында «Бүлдіршіндер әні» номинациясы бойынша І орынға ие болды және Түркияда ІІ халықаралық өнер фестиваліне жолдама алды.
- Елімізде мемлекеттікпен қатар жеке меншік балабақшалар желісі де жақсы дамып келеді. Осы екі балабақшаның айырмашылығы бар ма?
- Бұл сұрақтың өзектілігі ата-аналардың қызғушылығынан туындайды. Әрине, ата-аналардың көбі мемлекеттік балабақшаларға қарағанда жеке меншік балабақшаларға сеніммен қарайды. Ата-аналардың бұл көзқарасы дұрыс емес. Ата-аналар балабақшаны таңдағанда оның мелекеттік немесе жеке меншік екеніне мән бермей, жалпы балабақшаның жұмыс жасау бағытына қарау керек. Мысалы, типтік балабақша ма, әлде бір бағытты (математикалық, лингвистикалық, шығармашылық, т.б) ескеру керек. Жеке балабақшалар «Балапан» бағдарламасының аясында тапсырыспен балаларды қабылдап, мемлекетімізге үлкен үлесін қосып отыр. Мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын бірдей жүзеге асырады, бірдей талабын орындайды.
- Бәсекеге қабілетті жаңа заман тәрбиешісі қандай болу керек?
- Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жоғары білімді, сауатты, мәдениетті, оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған, кәсіби қалыптасқан, педагогикалық шеберлігі ұшталған, рухани дүниесі бай, жаңалыққа, шығармашылыққа құмар болуы қажет деген талаптар қойылатын болса, менің жеке пікірім бойынша ең алдымен баланы жан-дүниесімен жақсы көретін, өз ісіне жан –тәнімен берілген, балаларды мейіріммен баурап алатын тәрбиеші болуы керек. Осы жоғары да аталған қасиеттер мен қабілетті игерген жан бәсекеге қабілетті жаңа заман тәрбиешісі бола алады.
- Бүгінгі таңда тәлім- тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні еліміздің болашағы. Жалпы, бүгінгі күннің балаларының қабілеті қандай?
- Барлық жаңалыққа бейім, белсенділіктері, қызығушылықтары, ақпаратты қабылдай алу, қолдана білу қабілеті өте жоғары дамып келеді деп ойлаймын.
- Олардың әр нәрсеге қызығушылығы мен құштарлығын қалай қанағаттандыру керек?
- Жаңа инновациялық технологияларды оқу – тәрбие үдерісінде төмендегідей технологияларды тиімді пайдалану арқылы қанағаттандыруға болады. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты-дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін-өзі бағалайды.
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл технологияның негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.
Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясынжобалау, алға қойған мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыситарының жүйесін құру.
Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
- Әңгімеңізге рахмет! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста