Мектеп қоғамның кішкентай моделі - Өмір Шыныбекұлы

Мектеп қоғамның кішкентай моделі - Өмір Шыныбекұлы

«Мектеп қоғамның кішкентай моделі» деген қағида бар. Демек, қоғамдағы бар келеңсіздік мектепте де көрініс табады.
Ұстаз ретінде айтарым:
1. Бүгінгі күні біздің азаматтарымыздың бойында бір масылдық психология берік орын алды. Мен мемлекетті ақтағалы отыр деп түсінбеңіздер..
Қалай болғанда да, баласысының болашағы үшін ең алдымен ата-ананың жаны ауыруы керектігі өресі бар адамға айтпаса да түсінікті..
Ал, біздің ата-аналар білім берумен қатар тәрбие, оқулық және т.б. мәселелерді мемлекеттің мойнына арта салды. Тіпті тоқсанда бір болатын ата-аналар жиналысына бас сұғуды қойды. Бар болғаны 5-6 ата-ана келуі мүмкін, одан артығын жалынып келтіре алмайсың. Сөйткен ата-ана, баласының бойындағы құдай берген қарым-қабілетін елеп-екшемей, жазушы М.Байғұт айтқандай «Беретінін беріп жіберіп», «бағаны» сатып әпергісі келеді, мектеп бітіргенде, жоғары мектепке сүйрейді! Беретіні өтпей қалса, мектепті жамандап шыға келеді…
Кім болғың келеді?» деген сұраққа, «полицей болғым келеді» деп жауап берген 9-сыныптың бір оқушысынан, әлденеден үміттеніп, «Неліктен полицей болғың келеді» деп сұрадық. Бірақ, үмітіміз ақталмады!
Жылайсыз ба, күлесіз бе…. «левыйы көп қой» («левый» дегені- сірә көлденең табыс болса керек) деп жымыңдайды әлгі бала!
Бұл әңгімені бала қайдан естіді?
Ең нашар деген мұғалімнің өзі балаға «левыйы көп мамандық жақсы» деп үйретпейтіні белгілі. Яғни, баланың отбасыда көргені мен мектепте алған тәлім-тәрбиесі қабыспай жатыр. Осыдан-ақ, «құндылықтардың» орны ауысқан мына заманда, кейбір отбасылардың балалары үшін кімнің «идеал» екенін өздеріңіз саралай беріңіздер.
2. Мұғалім туралы..
Осыдан бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы ең беделді ЖОО-ң Мемлекеттік Аттестациялау Комиссиясына (МАК) мүше болдым. Болашақ тарихшы мен археологтар алдымыздан өтті. Сонда бір аңғарғаным, «Тарих пәнінің мұғалімі» деген мамандыққа ылғи мектепті сүйретіліп әзер бітірген аутсайдерлер түседі екен. Олармен салыстырғанда, «Археология» мамандығын бітірушілердің білімі ғана емес,жалпы өмірге, дүниеге деген көзқарасы мүлдем өзгеше! Бұл да ойланатын жағдай!
Мұғалімге сыйлық беру жайына тоқтала кетейік!
Жалпы, сыйлық беру – алу жақсы нәрсе, бірақ, ол туыс-бауыр, дос-жаран, құда-жекжат, көрші-көлем арасында болса ғана!
Ал, мұғалімге сыйлық ұсынудың ар жағында «Мен саған, сен маған» деген «тауарлы-ақша қатынасы» «құлағын қылтитып» тұрады! Кейбір ата-аналардың, мұғалімді «жолдан тайдырудың» ешқандай әдісінен жиіркенбейтіні жасырын емес. Былай шыға, бар мұғалімді қаралап «аттандап» шыға келетіндер де солар! Мұғалім де адам баласы, қоғамның бір мүшесі! Оның да басқалар сияқты толып жатқан «материалдық» проблемалары жетерлік. Жасыратыны жоқ, ұстаздардың арасында да ара-кідік өз нәпсісін тежей алмай «алтын көріп, жолдан тайып кететін, періштелер» кездесіп қалады.
3. Реформаларға тоқталсақ…
Тәуелсіздік алғалы, бері бірнеше рет реформа жасауға әрекеттер жасалды. Қайталап айтайын, тек әрекеттер жасалды!
Жоғары жаққа, «реформаның қызу жүріп жатқаны» туралы есептер қағаз жүзінде кеткен де болар, ол жағы мен үшін беймәлім…
Осыдан бірер жыл бұрын, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары өздерінің стратегиялық әріптесі Кембридж (Ұлыбритания) университетінің Білім беру факультетінің әлемдік білім беру жүйесінің ең озық әдіс-тәсілдерін меңгерген ғалымдарымен бірлесе отырып, педагогтердің білімін жетілдірудің үш деңгейлі бағдарламасын жасап шығарды. ҚР Үкіметінің Қаулысымен, бірінші деңгей бойынша курсты тәмамдап, сертификат алған ұстаздардың жалақысына -100 %, (2-деңгей – 70%, 3-деңгей -30%) үстеме қосу көзделген. Ұстаздардың білімін жетілдірудің 2 (негізгі) және 3 (базалық) деңгейлерінің бағдарламасы 2012 ж. бастап «ӨРЛЕУ» БАҰО Акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылып келеді.
Мен бірінші деңгей бойынша курсты аяқтап сертификат алдым. Жалпы алғанда, Бағдарлама маған ұнады. Бірақ, осы бағдарлама бойынша ең алдымен мектеп басшыларын тегіс оқытып алуы керек еді. Мектеп басшылығы түсінбеген бағдарламаның «авторитардық басшылыққа» негізделген мектепте қалай жүретіні өздеріңіз елестете беріңіздер..
Оның үстіне, осы бағдарламаны аяқтаған маман құқықтық жағынан «тыр жалаңаш» деуге болады, қорғалмаған! Кемі 1-2 жыл өтуге тиіс курсты 3 ай ішінде миымызға тыққыштап, «Мектепті қалай өзгертсең, олай өзгерт, сол үшін сенің жалақыңа қосылады» деп шығарып салды. Әр тоқсан сайын және оқу жылының соңында ұстаз Педагогикалық Шеберлік орталығына есеп тапсыруға міндетті. Есеп тапсыра алмаған маманның сертификаты қайта алынады.
Курсты аяқтаған маман, әлдебір себептермен мектеп басшылығына жақпай қалса, «тырп» ете алмайды, «тырп» еткізбейді. Естуімізше, ондай жағдайлар көптеп орын алып жатыр. Бірақ, ешкім оны ашық айта алмайды. Айналып келгенде, жоғары жаққа тағы да өтірік есептер кетеді. Оның үстіне, Бағдарламаның негізі болып табылатын «7 модульдің» бірі АКТ-н (Ақпараттық-компьютерлік технология – интерактивтік тақта, компьютер, интернет және т.б.) тіпті Шымкент секілді үлкен қалалардағы мектептердің өзі толық жабдықталмаған. Осыдан-ақ, курс бітірген мұғалімге түсетін психологиялық салмақты өзіңіз есептей беріңіз..
Арты қалай болары белгісіз..

4. Оқулықтардың сапасына тоқталсақ:
Тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан, өзімізше, осы пәндегі ең өзекті деген мәселелерге тоқтала кетейік…
А) Алдымен айтарымыз, әр оқулықтағы тарихи оқиғалардың орын алған орындарын көрсетуде алшақтық өте көп. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін бағамдау үшін, мектеп мұғалімі емес, өмір бақи тарихты зерттеген тарихшы-ғалым болуың керек.
Ә) Сосын,мектеп оқулықтарының қандай деректерге сүйеніп жазылатынын анықтап алайық: Ол туралы Т.Тұрлығұлдың жетекшілігімен жазылып, 2011 ж. «Мектеп» баспасынан шыққан «Жаратылыстану-математикалық» бағыттағы 11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының 9-бетінде былай көрсетілген: «Оқулықтың осы басылымында біз Қазақстан тарихының академиялық басылымы (3-том, «Атамұра», 2002 ж.) мен интернеттегі ең соңғы мәліметтерді негізге алдық».
Оқулық авторлары тарих ғылымындағы дереккөздердің рөлінен хабары жоқ секілді. Интернеттегі мәліметтің барлығы шындыққа жанаса бермейтінін мектеп оқушысына да жақсы белгілі. Оның үстіне көзі қарақты адам жазба тарихы көп сақтала қоймаған қазақ тарихын аңыз-жырларды архив деректерін салыстыра отырып зерттеу керек екенін түсінсе керек…
Б) 10 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарына тоқталсақ, «Қоғамдық-гуманитарлық» бағыттағы сыныпқа арналған оқулық материалы «Жаратылыстану-математикалық» бағыттағы тас дәуірін кезеңдеу бір-біріне мүлдем қайшы келеді.
Енді мәселенің моральдық аспектісіне тоқтала кетейік…
Профессор Зиябек Қабылдинов …8-сынып «Қазақстан тарихы» оқулығы. 2008 жылы бірінші басылымы, ал екінші басылымы 2012 жылы шықты….Осы оқулықта Сұлтанбет деген азамат бірде «би», бірде «сұлтан» , бірде «төре» атанып,1723 жылдан 1822 жылдарға дейінгі кезеңді қамтитын 10 шақты параграфта жүр. 1 параграфта аты атала бастаған Сұлтанбетке 27 параграфта «Сұлтанбет төре (XVIII-ғ.) Абылайдың немере ағасы» деген түсінік беріледі.
«Бұл кімнің атасы?» деген сұрақ өзінен өзі-ақ сұранып тұр.
Қоқаңдаған Қоқан жаман-ақ…Бірақ, мына сөздерді мұғалім 8-сыныптың оқушыларына қалай түсіндіреді?…»Қыздарды күйеуге шыққан өзге әйелдерден ажырату үшін олардың ЕМШЕГІН ұстап анықтауға дейін барған» (8-сынып «Қазақстан тарихы» оқулығы-147 бет).
Айте берсең, оқулықтар осындай олқылықтардан аяқ алып жүргізісіз..
5. Ұстаздардың түрлі науқандарға қатысып, барлық мерекелерде алаңға шығып «шад-шадыман бақытты бұқараның» ролін ойнап, үлкенді-кішілі шенеуніктердің табанында тапталғаны аздай, бүкіл қоғам таптағысы келеді.
Халқымыздың құлаққа ерсілеу естілетін «Көңілсізден көтенсіз (жігерсіз, жасық деген мағынада) бала туады» деген даналық сөзі бар. («Он үште отау иесі» дейтін халқымыздың, ҰБТ-е белгіленген межеге жете алмай қалған 18 жасар жігіттерінің жер тоқпақтап жылағанын да көрдік).
Езілген ұстаздың шәкірті қандай болады, кім болады?
Оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ!
6. Ал, білім саласындағы жемқорлыққа кім кінәлі? Басшы ма, әлде қатардағы ұстаз ба? деген сұрақтар «Тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа ма?» деген әңгіме секілді.
Мектепке кейінгі жылдары келген жас мамандардың білім деңгейі өте төмен екені ешкімге құпия емес. Олар жемқорлықпен ЖОО-на сессияларын тапсыру барысында «ауызданып» келген тағы белгілі. Мектепте де олар өз мәселелерін ақшамен шешу жолдарын іздейді, директор немесе оның орынбасары ашық сұрамаса да, көптеген «ұстаздар» туған күн, түрлі мерекелер дегендей, әйтеуір сый-сияпат жасаудың жолын тауып «періштені жолдан тайдырады». Ал, енді басшыларды «періште» дейін десең, олардың қалай тағайындалатыны, директорлық лауазымның құны қанша «тұратыны» туралы қауесеттер ел арасында желдей есіп жүр. Шыққан шығынды қалай қайтару керек?
Айналып келгенде, жемқорлықты азайту үшін қолданыстағы заңға өзгерту енгізу керек секілді.
Кеңес заманын қанша күстаналасақ та, жақсы тұстары жетерлік еді. Мысалы, «Халықтық бақылау комитеті» деген секілді орган құрып, оның қызметкерлерін түрлі тағайындаулар мен тендерлерге басқа да қоғамдық немесе мемлекеттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерімен бірге қатыстыру қажет. Бізді құтқаратын бір-ақ жол бар. Ол – АШЫҚТЫҚ пен ЖАРИЯЛЫЛЫҚ!

Екінші мәселе, Алматы мен Астанадағы педуниверситеттердің түлектері қайда кетіп жатыр? Мен 10-жылдан бері жұмыс жасап жатқан ұжымға, осы 10-жылда орталықтағы ЖОО-н бітірген бірде бір маман келген емес. Келген мамандардың барлығы көшедегі толып жатқан ашық-шашық ЖОО-ң түлектері. Соңғы 5-6 жылда ЖОО-ы тіпті студенттерін іс-тәжірибеден өтуге мектептерге жібермейтін де болған, айналып келгенде тағы сол әдіскер–ұстаздарға төленетін қаражат мәселесінен қиналады.

7.«Құлдан да бір сұрау» дегендей, сөз соңында ата-аналарға айтарымыз…
Әлпештеп бағып-қағып өсірген баласы өмірден өз орнын тапса ғана ата-ана –бақытты! Ал, бақыттың кілті жоғары білімде емес, жоғары білім бақытқа бастар сан тарау жолдың бірі ғана екенін естен шығармайық!
Бала тәрбиесін тек мектеп пен ұстазға артып қоюға болмайды, бұл жолда бүкіл қоғам, оның ішінде ең алдымен ата-ана атсалысуы керек.
Балаларымыздың өмірден өз орнын табуына, болашақ мамандығы мен кәсібін дұрыс таңдауына немқұрайды қарамайық, ағайын!
 kazbilim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста