Мәдинаның өнердегі өрнегі

Мәдинаның өнердегі өрнегі

Жетістіктері:

• 2010 жылы I қалалық Дельфий ойынында «Жас толқын» хор ұжымы - I орын; 2012 оқу жылы қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
• 2012 жылы Павлодар облысының танымал мұғалімдеріне арналған «Білім көкжиегі» атты тарихи-танымдық, өмірбаян-анықтамалығына енді.
• 2008-2009 оқу жылында 8 а сыныбындағы оқушысы Мирас Сәбитов республикалық «Вокалистер» байқауында Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды /Шучинск қаласы/;
• 2008-2009 оқу жылында Мирас Халықаралық «Зажги Свою Звезду»
балалар мен жасөспірімдер фестивалі II дәрежелі лауреат атанды
/Мәскеу/.
• 2010 оқу жылында 9 а сынып оқушысы Мирас Сәбитов облыстық «Әлеуметтік жобалар шеруіне» қатысып, «Ертіс» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі дипломымен марапатталды /Павлодар қаласы/.
• 2011-2012 оқу жылында Мирас Халықаралық XIY жастар шығармашылық «Шабыт» фестивалінде дипломмен марапатталды /Астана қаласы/.

Мәдинаның өнердегі өрнегі
Мәдина Боранқызы Қарағанды ауданы Жаңаарқа ауданы Өскен ауылының «Еркіндік» бөлімшесінде туды. Орта мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, аудандық байқауда жеңімпаз атанып, арнайы жолдамамен 1976 жылы қыздар педагогикалық институтының музыка факультетіне оқуға түскен еді. Институттағы «Қыз Жібек» клубында ән құдыретінің қыр-сырына қанықты.
...1986 жылы Екібастұздағы жаңадан ашылған энергетиктер мәдениет сарайында кілең қазақ жастарынан құрылған «Жас толқын» фольклорлық ән-би ансамблін құрды. Бұл ансамбль Екібастұз қаласына 30 жыл толған жылы құрылып, ұлттық ән-жырымызды, мың бұралған биімізді, тереңнен толғайтын термемізді насихаттап, қала халқына толқын лебіндей әсер еткені рас-ты. Ансамбльдің алғашқы қарлығаштары болған айтыскер ақын Серік Құсанбаев, термеші-әншілер Жәнібек Мәләков пен Оразбек Нұров, әншілер Қаратай Жұмабеков, Қадыржан Мәпенов, пианинода ойнаған әнші Гүлмира Төлеңгітовалар сияқты жас жігіттер мен қыздар ұлттық өнеріміздің туын биік ұстап, өздерінің орындау шеберліктерін шыңдай білді.
Мәдина ансамбльге жетекшілік ете жүріп, отбасының өнерін де көрсете бастады. 1987 жылы республикалық теледидардан отбасы ансамблінің концерті көрсетілді. Дәл сол жылы жазда Мәдина «Жас толқын» ансамблінің үздік жетекшісі ретінде халықтар творчествосының Бүкілодақтық ІІ фестивалінің лауреаты атанды. 1988 жылы Республика Орталық Комитетінің, Кәсіподақтар Кеңесінің, «Естелік Құрмет грамотасымен» және облыстық Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
1990 жылы облыстық радиодан журналист Ғалия Балтабаеваның «Иманбердиевтер отбасылық ансамблі» атты музыкалық хабары берілді. Сол жылы дүниеге келген Мәдинаның анасы дидарын армандап көре алмай кеткен ұлы Дидар дүниеге келді. Сол қуаныштың шашуы ретінде өнерлі отбасына қаладағы жанашыр апайлары, ақын Дәмет Бабылбекқызы «Жан балам» өлеңін сыйлап еді.
Мәдина жетекшілік еткен «Жас толқын» ән-би ансамблі талай өнер өренлерінің тұсауын кестік десек, артық айтқандық болмас. Серік Құсанбаев – айтыс жүлдегері, жеке орындаушылар Жәнібек Мәліков пен Оразбек Нұров термеші-әншілер байқауларының жүлдегерлері болып жүр, әрі бүгінгі күндері Жәнібек Мәліковтің жеке отбасылық ансамблі өнер көрсетіп, облыс көлеміне кеңінен танылды. Ал Маргүл Бүлтенқызы Ғұмарованың «Арман» атты жеке эстрадалық ансамблі де осы «Жас толқыннан» қанаттанған еді.
Мәдина мен Нұрболат қаладағы кез келген думанды мерекелерде, облыс, республика көлемінде өтілетін торқалы тойларда той шымылдығын ашып, халық алдында өнер көрсетті. 1992 жылы өткен әлем қазақтарының Құрылтайына қатысып, ән шырқады. Жерлес ақын С.Торайғыровтың 100 жылдығында, Бұхар жыраудың 350 жылдық торқалы тойларында да мереке-думанды басқарды. Мәдинаның өзі қаладағы талай игі бастамалардың ұйытқысы болып, «Ақ әжелер», «Әнші балапан», «Келіндер сыны» байқауларын, оқушылар арасында «Сиқырлы қазан» сайысын, қазақ жастары арасында «Көңілашар», «Сырласу» кештерін шеберлікпен жүргізе білді.
Сүйікті ана, асыл жар, ақылшы ұстаз-тәлімгер болып жүрген Мәдина – осындай жан».
Бәтижамал Түсіпованың мақаласынан қысқартылып алынды, «Сарыарқа самалы», 4 қазан, 1994 жыл.

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста