Бүгін мен болашақтың драйвері

Бүгін мен болашақтың драйвері

Еліміздің ең үздік студенттеріне жыл сайын Тұңғыш Президент қорының стипендиясы тағайындалатын. Жүздеген студенттің арасынан озып шыққан ҚазҰУ-дың білімгерлері қордың қаржылай қолдауына ие болып келеді. Елбасы бір сөзінде: «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады», – деп, қоғам белсенділері мен оқу үздіктеріне сенім білдірген еді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Әлеуметтану» мамандығының 4-курс студенті Данияр Шәкенов пен 1-курс магистранты Лия Югай Тұңғыш Президент қорының стипендиясын алған жастардың қатарында. Олардың студенттік өмір, университеттегі мүмкіндіктер мен үздіксіз даму туралы ойларын назарларыңызға ұсынамыз.

 Лия Югай

Лия Югай ғылымға жаңа бет бұрған жас. Жан-жақты болуды жаны қалайды. Сондықтан болар, баскетбол және стритболдан қалалық жарыстар мен турнирлерді қалт жібермейтін белсенді спортшы. Одан бөлек, музыкамен айналысады, фортепианода ойнайды, сурет салады, психологиямен әуестенеді. Осының бәрі оның бойында әдемі үйлесіп тұр.

 

«Өзіңді өзгелермен емес, кешегі күніңмен салыстыр»

– Студенттерге Тұңғыш Президент қорынан берілетін стипендия оқуға жігерлендіріп қана қоймай, бойыңда ұйымшылдық, құндылықтарға берік болу секілді қасиет қалыптастырады. Әрі білім алуға ғана емес, өзің таңдаған ғылыми бағытты тереңірек зерттеуге, жаңалықтар ашуға үндейді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әсіресе Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының ұжымы осы байқауда мені қолдап, дем беріп отырды. ҚазҰУ өз студенттеріне жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жас ғалымдар үшін маңызды. Ал ізімізден еріп келе жатқан ұл-қыздарға айтарым, тәуекелге бел байлаудан қорықпай, үнемі алға ұмтылу қажет. Студенттік өмірде белсенді болу әрі қарай өз жолыңды табуда көп көмегін тигізеді. Кез келген мүмкіндіктен бас тартпай, өзге де салаларда бақ сынап көру өзіңді басқа қырынан тануға ықпал етеді. Қор осы тұрғыда өте белсенді әрі жан-жақты студенттерді қолдайды. Сондықтан өзіңді дамытудан қорықпау қажет. Өзіңді өзгелермен емес, кешегі күніңмен салыстыр, – дейді ол.

 Данияр Шәкенов

Ал мектеп кезінен түрлі ғылыми-зерттеушілік жұмыстарына қатысып шыңдалған Данияр Шәкенов сол тәжірибемен университет қабырғасында көптеген жетістіктерге жетуіне сеп болғанын айтуда. Ол республикалық студенттік пәндік олимпиадасында университет атынан командалық құраммен және «Фараби әлемі» атты ғылыми конференцияларда бірнеше рет жүлделі орындар иеленген. Данияр «бүгін мен болашақты байланыстыратын драйвер болуымыз қажет» деген пікірді алға тартты.

 

Жас зерттеушілерге стимул береді

– Тұңғыш Президент қорының стипендиясы өнер мен ғылым саласындағы талантты жастардың еңбегін бағалап, ары қарай биік жетістіктерге жетуіне ықпал етеді деп білемін. Бұл сыйақыға мені лайық деп тануы қоғамның ішкі әлеуетін тануға, үлкен биіктерге жетуге, Отанымыздың өркендеуі үшін қосар үлесімді сезінуге, мойныма артылған жауапкершілікті көтере білуге жігерлендірді. Университетіміз де ғылым жолында жүрген жастарды қолдауда өте белсенді. ҚазҰУ-дың түрлі зерттеу бағыттарына сәйкес келетін орасан зор ақпараттық базасы жас зерттеушілерге керемет стимул береді деп есептеймін. Университет қабырғасында ұйымдастырылып жатқан әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға қатысу, ең алдымен, өзімді және күш-жігерімді сынап көруге, сондай-ақ адамның мүмкіндіктері шексіз екенін дәлелдеуге деген ұмтылысымды көрсетеді, – дейді ол.

Сондай-ақ Данияр Шәкенов: «Қазіргі қоғамның «әлеуметтік тапсырысы» тұлғаны сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағытталған және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын жастарды талап етеді. Сондықтан да жастар жарқын болашақ пен қазіргі әлемімізді байланыстыратын драйвер секілді әрқашан өзін-өзі дамытуға ұмтылуы керек», – деген ойымен бөлісті. Оның ұмтылысы жоғары жастарға айтар кеңесі мынадай:

– Қор стипендиясын иеленуді мақсат тұтатын жастар Абай атамыздың «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» деп аталатын «бес асылын» жақсы есте сақтаса екен деймін. Қажырлы еңбек пен терең білім – заманауи жастарымыздың жарқын болашаққа апарар даңғыл жолы. Замандастарыма ешқашан талмай, жеткен жетістікте тұрып қалмай, одан да биік асуларға талпынуға кеңес беремін. Себебі бүгінгі әрекетің ертеңгі жеңісіңді айқындайтынына нық сенімдімін.

 

Кәмила ДҮЙСЕН

«Qazaq universiteti» газеті, №35-2021

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста