Шыңғыс хан, Ескендір, Атилла – тарихтағы ұлы жаулап алушылар

Шыңғыс хан, Ескендір, Атилла – тарихтағы ұлы жаулап алушылар

Олар әлемді дүр сілкіндірді, өз мемлекеттерінің шекарасын ойға сыймайтын шекке дейін кеңейтті, тұтас халықтарды үрейде ұстады және тарихта барлық уақыттағы ең ұлы жаулап алушы ретінде қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атилла
Бұл атау бәріне таныс шығар. 5 ғасырдағы ғұндардың көсемі. Атилла шекарасы Рейннен Еділге дейін созылып жатқан ғұндар империясын құрды. Бүкіл Еуропа Атилладан қорықты, ол Рим империясын жұдырығында ұстады, тіпті римдіктер ғұндардың көсеміне салық төледі. Еуропадағы Атилланың қатыгездігі мен ержүректігі үшін оған «Құдайдың қасіреті» деген лақап ат берілді.

Ескендір Зұлқарнайын
Отыз жасында өз әскерінің көмегімен әлемнің көп бөлігін жаулап алған аты аңызға айналған жаулаушы. Македониялықтар Парсы империясын қиратты. Біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылға қарай бүкіл Кіші Азия оның билігінде болды. Ол Сирияны, Финикияны, Палестинаны, Карияны және Таяу Шығыстың басқа елдерін іс жүзінде соғыспай бағындырды; Азия патшасы және Мысыр перғауны болып жарияланды. Ескендірді халқы жақсы көрді, сарбаздары оған сенді. Ол ұлы философтың шәкіртіне тән жоғары қасиеттерді бойына сіңірген.

Әмір Темір
Барлас тайпасының тумасы. Батыс, Оңтүстік және Орталық Азияның үлкен аумағын басып алып, Тимуридтер әулетін құрды. Оның империясының шекарасы батыста Еділ өзені мен Кавказ тау жоталарынан оңтүстік-батыста Үндістанға дейін созылды. Әмір Темірде ақсақ тәрізді дене кемістігі болғанымен, қылыш пен садақ иелігінде оған тең келетін ешкім жоқ еді.

Шыңғыс хан
Моңғол империясының негізін салушы. Империя тарихтағы ең үлкендердің бірі болды. Оның әскеріне қарсы ешкім тұра алмады. Тіпті халықтарды бірінен соң бірін бағындырды. Кейбір қалалар шайқассыз берілді. Шыңғыс ханды кезінде «әлемді тербетуші» деп атаған. Ол қайтыс болғаннан кейін де оның көптеген адамдарға әсері өзгеріссіз қалды - жаңа мемлекеттер, этностар, ұлттар пайда болды.

Мехмед Фатих
Осман империясының бұл сұлтаны өзінен бұрынғылардың қолынан келмеген нәрсені істей алды – ол Константинопольді алып, Стамбулға айналдырды. Одан кейінгі жылдары Сербияны, Қара теңіз аймағын және Қырым жағалауын жаулап алды, Балқан түбегінде ауқымды әскери операциялар жүргізді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста