Павлодарлық ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлы туралы көпшілік біле бермейтін ақпараттармен бөлісті

Павлодарлық ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлы туралы көпшілік біле бермейтін ақпараттармен бөлісті

Биыл қазақ әліпбиінің атасы, түркітанушы ғалым, қазақ тіл білімі ғылымының негізін салушы көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ұлттың рухани көсемі» атты конференция өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Әдеби шараға тіл білімін зерттеп жүрген жергілікті ғалымдар мен жергілікті оқу орындарының студенттері қатысты. Сондай-ақ, еліміздің әр өңіріндегі кітапханашылар айтулы шараны онлайн режимде тамашалады.  Ғалымның туған жері Қостанай облысынан Ахметтанушы ғалымдар қатысып, тікелей эфирде пікір білдірді.

 

- Мен Ахаңның туып-өскен ауылынанмын. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл біліміне тыңнан түрен салған айтулы ғалым. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті. Әлихан Бөкейханов қазақтың саяси көсемі болса Ахаң Алаштың рухани көсемі,-дейді Ахметтанушы ғалым Ибрагим Ағытаев.

 

Торғай өңіріндегі А.Байтұрсынұлы музейінің басшысы Гүлбану Сәрсеке Алаш арысының тұтынған жеке заттарымен, құжаттарымен таныстырды.

 

Ал филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Әділбек Әміренов Ахмет Байтұрсынұлының терминология саласына қосқан сүбелі үлесіне тоқталып өтсе, ғалым, С.Торайғыров университетінің профессоры Бақытгүл Қапасова ғалымның тіл білімі саласына сіңірген елеулі үлесін тілге тиек етті.

 

- Қазіргі тіл білімі саласындағы терминдердің басым көпшілігін Ахмет Байтұрсынұлы қолданысқа енгізді. Мысалы қазақ тіліндегі шылау атты сөз табы дербес тұрып мағына бермейтіні белгілі. Қазақ: өзіндік пікірі жоқ адамды «өзгенің шылауында жүрген жан» дейді. Біз бұл күнде «бағдарлама» деп қолданып жүрген термин сөзді Ахмет «жосық» деп атайды. Бұған қатысты қазақта «жөн-жосықсыз» деген сөз бар. Яғни ғалым тілге қатысты терминдерді ойлап тапқанда қазақи танымға, түсінікке сай келетін сөздерді аса талғампаздықпен таңдап алған, - деді Бақытгүл Қапасова.

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінде 26 әріп бар деп көрсеткенін айтады. Оның 8-і дауысты, 18-і дауыссыз дыбыстар. Ал қазіргі қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің біршамасы жасандылықтан туындаған, қазақтың тума табиғатына сай келмейтін басы артық дүниелер екендігіне тоқталып өтті.

 

 

Ал Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зият Әйткенов ағартушы ғалымның қайраткерлігі мен ұлттың болашағы үшін жасаған ерен еңбегі туралы баяндама жасады. Игі шараны тізігіндеген белгілі ғалым, жазушы Серік Елікбай ұлт көсемі Әлихан Бекейханов ұлтқа, жерге, елге қатысты сындарлы сәттерде үнемі Ахмет Байтұрсынұлына арқа сүйегенін айтады. Ауқымды конфереция барысында алдыңғы толқын аға буын өкілдерін мұқият тыңдаған жастар өз ойларын айтып, шарадан түйген ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Ұлттың рухани ұстазының 150 жылдық мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін еске саламыз. Осыған орай республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы таңдалып алынғаны белгілі. Акция аясында облыстық кітапхана жыл бойы тағы да бірнеше ауқымды шараларды өткізуді жоспарлауда.   

 

Фото С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста