Елді ұстап тұратын төрт топ...

Елді ұстап тұратын төрт топ...

Қазақта «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөз бар. Төбедегіні алатын төртеу қайсы?

Елді ұстап тұратын патша, ғалым, бай, тақуа. Бұл төрт топ өз міндетін жақсы атқарса төбедегі келеді.

Әл-Фараби бабамыз «Қайырымды қала» еңбегінде: адамдар тек бақытты болу үшін өмір сүреді, соған белгілі кезеңдерде жетеді. Ол үшін көп болып, бақытқа ұмтылуды ортаға қояды. Адамдар бір-біріне әсер етеді. Өмір сүретін орта жанға жайлы болғанда, ақылды орта, ақылды адам, ақылды ұрпақ, ақылды тұрғын, ақылды қала қалыптасады, сонда ғана бақытты өмір басталады дейді. Мемлекеттің рухын- адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді. Рухани құндылықтар ғана бір елді сақтай алады. Қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан келеді. Сонда ғана қайырымды да ақылды қала құруға болатынын айтады ойшыл.

Ел басшысы дені сау, парасатты, сабырлы, еске сақтау қабілеті жоғары, ақылды, қырағы, батыл, мейірімді, әділ, жан-жақтылы білімді болу керек. Жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, дініне, салт-дәстүріне, ғылым мен білімге деген құрметі болуы керек.

Әмір иелеріне патшадан тартып, екі адамды басқаратын кішкене мәнсаптыға дейін жатады. Осы топ бір елдің бақытты-бақытсыз болуына тікелей ықпал жасайды. Олар елдің бақташысы, шын жанашыры. Халықпен етене байланыста болуы шарт. Алладан қорқатын басшы бақытты жаратады. Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз. Әмір иелері әділ де мейірімді болып, ар-ұят, обал-сауап дегенді біліп, кісі ақысын жемесе, қоғам тыныш, ел мұңсыз болады.

Екінші топ ол - ғалым. Ғалым кеме капитаны сияқты, кеме соның бағдар беруімен жүреді, бастық адам дұрыс ғалымды тыңдаса қателеспейді. Ғалым барлық ғылымның иесі. Тарихи, философия, әдебиет осы топтың қолымен жазылады. Осының ішіндегі саяси тарих басты орында тұрады. Бұрында бұл топқа ғалым, би-шешендер жатса, бүгінде ғалым, жазушы, ақын, мұғалім, заңгер, песихолог, журналист жатады. Бұл топ қай заманда да адам жанын емдеген. Бұлар лайланса, онда «ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себедінің» өзі болады. Бұл топтың қолында қоғамның көзге көрінбейтін бір жіңішке жібі бар. Сондықтан оларға дүниеге, салтанатқа, мәнсапқа, атаққа құмарлық жараспайды. Ұлттық мүдде, халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты, батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды.

«Зиялы адам өз заманында имандылығы, діни білімі, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе, адамзаттық кеңістіктегі тұлғалыққа қол жеткізбек»,- дейді ұлт ойшылы Әл-Фараби.

Үшінші топ - байлар. Байлар болмаса барлық өндіріс тоқтайды, алып зауыттар, қаптаған сауда дүкендер, дәмі тіл үйірген тамақ жайлар, көңіл ашар клубтар, аттам жердегі жанар май бекеттері, жеп-ішкен сан түрлі азық-түлікті кім дайындайды, кедейлерге кім жұмыс береді, әрине, кедей болмаса да байдың жұмысы жүрмейді. Шебер Жаратушы баймен кедейді бір-біріне бөлінбейтін етіп, қоғам тепе-теңдігін сақтайды. Кез келген кедей байдың берген еңбекақысын тағы көбірек берсе екен деп, іштей болсада дәметеді, міне сондықтан Исламда бай зекет, садақа беру арқылы кедейдің қалған ақысын өтейді. Қоғамда бай мен кедейдің арасында мейірімділік пайда болады. Бай жомарт және ақылды, құдайдан қорқатын, кішпейіл болса қоғам бақытты болады, барлық күна тәкаппар, ашкөз, қызғаншақтықтан туындайды, бай осылардан алыс болса қой үстіне боз торғай жұмыртқалайды, болмаса керісінше болса қоғам қара түнекке айналады (Алла сақтасын). Қазақ даласында байлар бүгінгі холдингтер сияқты айналасынағы адамдарға жұмыс беріп, әлеуметтік қажетін шешіп отырған. Сондықтан да қазақтан ол кезде жетім-жесір, қайршы шықпаған, түрме болмаған. Сонымен бірге байлар еңбек ақысын толық беріп, молда-қожа ұстап, ауылы балларын оқытқан. Демек, ұлттың ағартушылық жұмысыда солардың мойнында болған.

Тәуелсіздіктен соң елімізде делдал (тәуелді) буржуазия, паразит(масыл) буржуазия қалыптасты. Соңғы жылдарда ұлттық буржуазия пайда болды, солар ғана отан үшін жұмыс жасауда, бірақ өте аз. Делдал буржуазия мен масыл буржуазия да ұлттық мүддеге жұмыс жасаса, еліміздің ертеңі нұрлы болып, келешек ұрпақ мәңгілік елде өмір сүрер еді.

Төртінші топ - тақулар. Қaсиет­ті Құрaнның А‘РАФ сү­ре­сі­нің 96-aятындa: «Егер сол қaлaлaрдың (ел­ді-ме­кен­дер­дің) хaлқы имaн кел­ті­ріп, тaқуaлық жaсaп, Аллaғa қaрсы ке­лу­ден сaқтaнғaндa, әри­не, біз олaр үшін жер мен көк­те­гі бе­ре­кет қaқпaлaрын aшып, мол­шы­лықтa өмір сүр­гі­зер едік». (7:96)

БАҚАРА сү­ре­сі­нің 194-aятындa: «Аллaғa қaрсы ке­лу­ден сaқтaнып, тaқуa бо­лыңдaр, Аллa тaқуaлaрмен әрдaйым бір­ге». (2:194)

ХУЖУ­РАТ сү­ре­сі­нің 13-aятындa: «Аллa бә­рін кө­ріп тұр. Аллa aлдындa ең aрдaқты болғaндaрың бұл дү­ниеде тaқуa болғaндaрың. Аллa шек­сіз біл­гір, бә­рі­нен хaбaрдaр».(49:13)

ӘЛИ-ИИ­РАН сү­ре­сі­нің 102-aятындa: «Ей мұ­сылмaндaр, Аллa жо­лындa өле-өл­ген­ше шынaйы тaқуa бо­лып, имaнмен жaн тaпсы­рыңдaр». (3:102)

ҺУД сү­ре­сі­нің 49-aятындa: «Сен­дер сaбыр қы­лыңдaр. Рaсындa aқыр­ғы есеп­те тaбыс тaқуaлaрді­кі. Ең ке­ре­мет же­ңіс Аллaдaн шынaйы қо­рыққaн тaқуaлaрдa». (11:49)

Міне Құранда осылай мадақталатын тақуалардың құрметіне Алла тағала елге тыныштық, береке береді. Бір елді мекенде ауыр күнәлар жасалып, Алла Тағала зауал жіберейін дегенде сол жердегі бір кішкене бала Құранды оқи бастағанда Жаратушы түгелдей кешіреді. Ел мен жер үшін түнгі ұйқысын қиып, көз жасын көлдетіп, дұға жасап отырған тақуалар еліміздің көзге көрінбейтін ең негізгі тірегі. Барлық нәрсе Алла қаласа ғана болады. Төртеуді рухани тұрғыдан талдасақ: Діни және шариғи үкімдердің тараған негіздері төртеу:1. Құран. 2. Сүннет. 3. Ижмағы үммет(Мүжтәһиттердің бір мәселе бойынша ортақ келісімі). 4.Қиясы Фуқаха. (бір мәселенің үкімі болмаса, оны үкімі бар басқа, өте ұқсас мәселемен салыстыру арқылы үкім шығару).

***

Алтауды рухани тұрғыдан талдасақ: Иманның 6 шарты меңзелген.

Алланың жартақан кез-келген, жанды-жансыз заттарынан Жаратушыны тануымыз керек. Ғалым бір шымшым табиғи топырақ жасай ала ма? Жапондар робот сиыр жасап, тек шөптің сөлін сығып алмады ма? Кім кішкене қара құмырсқаның біреуін қолдан жасап, жан сала алады, жансыз жұмыртқадан жанды балапанды кім шығара алады..... міне бұл Алланы барлық кезде, барлық жерде тани алуымыз «таухит» болып саналады. Осы кезде адамның алтауы ала болмай бірігеді, иманның алты шарты пайда болады. Барлық әлемнің жаратушысы бір Алла тағала және Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.а.у) оның елшісі әрі құлы екеніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, өлімнен соң тірілудің хақ екеніне, ақырет күніне, тағдырға және жақсылық пен жамандықтың Алла тағаланың жаратуымен болатынына сенім қалыптасады. Осы алты шарт орындалғанда, Ислам өздігінен пайда болады, ол шаһадат кәлима айту, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару.

Иманды қорғау үшін мың алты қорған керек: 1. Парыздар.2. Уәжіптер. 3.Сүннеттер. 4. Мүстәхаптар. 5. Мәндүптер. 6. Нәпілдер.

Дүние көзімен алтауды талдасақ: Бір ғасырда қатар өмір сүретін Ата, әке, бала аталмыш алтаудың үшеуі, бұлар тату болса отбасы берекелі, құт қонған, Қызыр дарыған салих әулетке айналады. Ендігі үшеуі бір атадан тараған жеті туыс, құда (жегжат), нағашы(жиен) ынтымақты болса ауылдың сыртынан ат үркетін, кие қонған елге айналамыз. Қазақтың Төле биі 13 жасында қари болған. Әнет баба Бұхар барып медреседен он үш пәнді үздік тәмамдаған. Осындай қазақ «алтау мен төртеуді» жәй айтпаса керекті.

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста