Зерттеу университеті нені зерттейді?

Зерттеу университеті нені зерттейді?

Еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары кезең-кезеңімен зерттеу университеттеріне айналады дегенді естіп жүрмін. Жалпы, зерттеу университетінің басқа оқу орнынан артықшылығы неде?
Зият,
Қарағанды қаласы
Зерттеу университеті еліміздің Үкіметі бекіткен университетті да­мыту бағдарламасын іске асы­ратын әрі іргелі және қол­дан­ба­лы ғылыми зерттеулерді, өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструк­тор­лық жұмыстарды ұйым­дас­ты­ру­ға және жүргізуге қатысатын жо­ға­ры оқу орны болып табылады. Жо­ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық дең­гейінде ғылыми қызмет пен білім беру үдерісін ұштастыру зерттеу уни­верситетінің негізгі міндеті са­на­лады. Зерттеу университеті жо­ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының стан­дарт­та­рын өз бетінше әзірлейді және іске асырады. Білім беру бағ­дар­лама­ла­рын іске асыру шарттарына және меңгеру нәтижелеріне қойы­латын талаптар жоғары және жо­ға­ры оқу орнынан кейінгі білім бе­ру­дің мем­ле­кеттік стан­дарт­тар­мен бел­гі­ленетін тиісті бағ­дар­ла­ма­ла­рынан тө­мен бола алмайды. Зерт­теу уни­верситеті жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім бе­ру бағ­дар­ла­малары бойынша оқуға қабыл­дау кезінде бейiндiк бағыттың қо­сым­ша талаптарын белгiлеуге құ­қылы. Мұндай оқу орындарының өзге білім ордаларынан артық­шы­лы­ғы – ғылыммен нақты өздері ай­на­­лыса алатындығында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста