Халықаралық Қызыл крест комитетінің принциптері не?
Осы гуманитарлық көмек көрсетіп жүрген халықаралық Қызыл крест комитетінің мақсаты мен міндеттері қандай?
Жанна, Алматы
Халықаралық Қызыл крест комитеті (қысқаша ХҚКК) — бейтараптық пен әділдік принципін ұстана отырып, өз қызметін бүкіл дүниежүзінде жүзеге асыратын гуманитарлық ұйым. Ол қорғайды және қарулы қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетеді, Халықаралық Қызыл крест қозғалысы мен Қызыл жарты айдың негізгі бөлігі болып табылады. Ұйым 1863 жылы швейцарлық Анри Дюнанның күш-жігерімен негізі қаланды. Штаб-пәтері Женеведа орналасқан. Халықаралық Қызыл крест комитеті (ХҚКК) өзінің міндетін қорғау және қарулы қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету деп біледі. ХҚКК басшылыққа алатын принципі бойынша соғыстың өзі әскери әрекеттерді жүргізу әдісі мен құралына және соғысушы жақтардың бет алысына шектеу қоятын белгілі бір шеңберде жүруі тиіс. Осы принципке негізделген ережелер жиынтығын негізінде Женева конвенциясы жатқан халықаралық гуманитарлық құқық құрады. Женева конвенциясына барлық халықаралық келісімдердің ішінен оларды бірегей ететін барлық дүниежүзі мемлекеттері қол қойды.
Құрамында 12 мың адам жұмыс істейтін ұйым өкілдігі шамамен әлемнің 80 елінде орналасқан. Қарулы қақтығыстар кезінде ХҚКК Қызыл крест және Қызыл жарты ай мен оларды біріктіретін Халықаралық федерация ұлттық бірлестіктерінің қызметтерін үйлестіреді.