Тұңғыш теміржол магистралі қашан пайда болды?

Тұңғыш теміржол магистралі қашан пайда болды?

Қазақстандағы тұңғыш теміржол магистралі қашан пайда болды? Осыны білсем деймін...
Гүлжаз ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласы
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол ма­гис­тралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров сло­бодасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) Орал тар табанды теміржол телі­мі­нің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада төрт жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды теміржолы іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір ма­гистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақ­стандық» 190 шақырымының ма­ңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс ха­лық­та­рының эко­номикалық және мәдени жа­қын­дасуына үлкен үлесін қосты. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 ша­қы­рым­дық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент те­мір­жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түр­ксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы Челябинск-Троицк-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км) магистралі салынды. 1915-1917 жылдары соғылған Алтай теміржолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері ар­қы­лы өтті. Бұдан басқа, 1918 жылға дейін 117 ша­қы­рымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзын­дығы 2,6 мың шақырымға жетті. Кеңес за­ма­нының алғашқы теміржолы 1920-1922 жыл­дары салынған Петропавл-Көкшетау телімі бол­ды. Қазақстанның түкпірдегі ай­мақ­та­рын дамыту және астықты шығару қа­жет­тілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бу­ра­бай ку­рор­ты және Ақ­мола стансылары ар­қылы Қара­ған­дыға дейін жалпы ұзындығы 700 ша­қы­рым­нан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құ­рылды. Ембідегі мұ­най кәсіп­ші­лігінің дамуына 1926 жылдан бас­тал­ған Гурьев-Доссор тар та­банды жолы ықпал етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста