Суыққа қалай бой үйретуге болады?

Суықтан менің аллергиям қозады. Кішкене аяз басталса бітті, денем күлдіреп, қы­зыл бөрткендер пайда болады және қатты қышиды. Мұндайда не істеуге болады?
Нұржан ЕРБОЛАТ,
Орал қаласы
Аллерголог-дәрігерлер мұндай қолайсыз­дықпен денені суыққа үйрету арқылы күресуге кеңес береді. Әрине, аллергияға қарсы түрлі дәрі-дәрмектер бар. Бірақ оларды пайдалана отырып, сіз аллергияның түпкі себебін емес, тек сыртқы белгілерін ғана жоя аласыз. Сондықтан денені шынықтырғаннан абзалы жоқ. Бірақ оның өзін бірте-бірте бастау керек. Мысалы, әуелі суық суға шыланған сүлгімен сүртіну, суық су құйыну сияқты процедураларды қолданған жөн. Температураны күрт төмендетіп жіберуге болмайды. Одан дене шошынып қалуы ық­тимал.
Бастапқыда үстіге құйылатын су 36-38°, ал бірнеше күннен кейін 35-37°, үш аптадан ке­йін 34-36° шамасында болуы тиіс. Егер су құ­йыну кезінде терінің беті күлдірей бастаса, судың температурасын 1 градусқа көтеру керек те, бес-алты күнсіз төмендетпеген абзал. Осылайша, жыл бойына температураны +10°-қа жеткізуге болады. Салқын су құйынып ем­дел­геннен кейін денені міндетті түрде түкті сүл­гімен қызарғанша ысқылау керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста