Қыздың құлағын тарымен теседі

Қыздың құлағын тарымен теседі

Менің тұңғыш қызым биыл бес жасқа толады. Қыз баланың неше жасында құлағын тесуге болады?
Гүлмира ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ,
Ақтөбе қаласы
«Құлағыңа таққаның күміс сырға, күмбірлетіп шығасың күнде қырға» деп халқымыз өлеңге қосқандай, қыз болып жаралған соң құлақ тесіп, алтын, күміс және тағы басқа бағалы тастардан жасалған сырға тағамыз. Қыздың құлағын тесу – дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесуге қазақ өте қатты мән берген. Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – ұлды сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Сырға сыңғыры бойжеткеннің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын аңғартқан. «Адам көркі – шүберек» демекші, сәнді асыл бұйым, алқа-моншақ, білезік, сырға тағу қыз көркіне көрік, сәніне сән берері сөзсіз. Бұрынғы кезде қыз балалардың құлағын тарымен тесетін болған. Ал қазір көптеген сұлулық салондарында арнайы құлақ тесетін құралдар бар және кейбір клиникаларда да арнайы құлақ тесумен айналысатын дәрігерлер жұмыс істейді. Сондықтан қызыңыздың құлағын тестірер алдында міндетті түрде санитарлық тазалықтың сақталуына мән беріңіз. Қазір­гі кезде ертеден келе жатқан салиқалы дәстүріміз бен ибалылықтан аттап өтіп, қазіргі жастарымыз құлақты ғана емес, кіндіктерін, мұрнын, қабақтарын тесетін болды. Мұндай ерсіліктің дәстүрімізге де, шариғат заңына да қайшы екенін есте сақтағанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста