Мен бірнеше жылдан бері мектепте мұғалім болып қызмет етіп келемін. Жақында мектепте қысқарту болады дегенді естіп қалдым. Сұрайын дегенім, қысқартуға жатпайтын қызметкерлер қатарына кімдер кіреді?
Жайнар СҰЛТАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Еліміздегі Еңбек кодексінің 185-бабында қысқартуға жатпайтын қызметкерлер санатына жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалар жатады деп атап көрсетілген. Сіз осы бапты басшылыққа алуыңызға болады. Тағы бір айтатынымыз, қысқарту жүргізілетіні жөнінде жұмыс беруші қызметкерлерді кемінде бір айдай уақыт бұрын жазбаша хабарландыру тиіс. Сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес жұмыс беруші қысқартылатын қызметкерді (егер ол келісетін болса) басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
Қысқартуға жатпайтын қызметкерлер кімдер?
Последние статьи автора