Қазақстанды бидайдың қандай түрі көп өсіріледі?

Қазақстанды бидайдың қандай түрі көп өсіріледі?

Бидай неше түрге бөлінеді? Қазақстанда қандай түрлері көп өсіріледі?
Ардақ СЕРІКҚАЛИЕВ,
Алматы қаласы
Бидай — астық тұқымдасына жа­та­тын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақ­­станда 6 түрі (еділ бидайы, поль­ша бидайы, көже бидай, жұм­сақ бидай, қатты бидай, көбен би­дай) өседі, жабайы түрлері сирек кез­­де­седі. Елде, негізінен, жұмсақ және қат­ты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып са­на­лады, құрамында 16 пайыз белок болады, жыл­тыр­лығы – 70%, дән уы­зы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақ­станда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр­түрлі жағдайына ың­ғайлы, өсу қа­білеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақта өсіреді. Бидайдың дәнінен – жарма, ұнынан  нан, макарон, кеспе жа­сай­ды, кон­ди­тер өнеркәсібінде кең пай­да­ла­нады. Әсіресе Қазақстанның батыс, орталық, шығыс аудан­да­рын­да өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі. Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24 пайыз белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады. Жұмсақ және қатты бидай­лардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай – көктемде, күздік би­дай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1-20о жылылықта 7-9 күнде көктеп шығады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста