Қазақ хандығы дәуірі қанша кезеңге бөлінеді?

Қазақ хандығы дәуірі қанша кезеңге бөлінеді?

Тәуелсіз мемлекетіміздің бастауы болған Қазақ хандығы дәуірін қанша кезеңге бөлуге болады және қанша хан билік етті?
Ернар,
Алматы
Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен  XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың бас­шы­лы­ғы­мен Қазақ хандығы құрылды. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады.  XIX ғасырдың бірінші ши­ре­гінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде (1822), содан кейін Кіші жүзде (1824) хан­дық билікті жояды. Тарих ғылымының док­то­ры Б.Кәрібаевтың зерттеуі бойынша үш жа­рым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге  бөлінеді. Біріншісі – бір ор­талықтан басқарылған кезең,   екіншісі –  быты­раң­қы­лық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хан­дық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қай­тыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең – 1715-1824 жылдар ара­лығын қам­ти­ды.
Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әл­сі­реуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе теке­тірес, жоңғарлармен алғашқы күрес, «ал­тын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хан­дығында мынадай хандар билік жүр­гізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тахир хан, Бұй­даш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұр­сын хан, қайта Есім хан,  Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – быты­раң­қы­лық кезең басталып Қазақ елінде –Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады. Қазақ хандығының бірінші кезе­ңін­де 17 хан билік құрса, ал екін­ші кезеңде Үш жүзде хан болғандар саны 20-дан асады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста