Қауіпсіздік белдігім жоқтығына айыппұл сала ма?
Жақында көлік сатып алып едім. Бір қызығы менің көлігімнің (УАЗ 452) қауіпсіздік белдігі жоқ. Көлік жасалып шыққан кезде (1976 жылғы) қауіпсіздік белдігі қарастырылмаған. Осы орайда мені жол испекторы тоқтатып «қауіпсіздік белдігің жоқ» деп айыптауына бола ма? Қауіпсіздік белдігін тақпағанға айыппұл мөлшері қандай АЕК көлемінде белгіленген?
Руслан ҚАБАТОВ, Алматы
Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелер қосымшасының 7.10-тармағына сәйкес егер көлiк құралының конструкциясында бекiтiлуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерi болмаған жағдайында көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Ал сіздің көлігіңіздің конструкциясында қауіпсіздік белбеулерінің бекітілуі көзделмеген. Ескерте кетер жайт, қауіпсіздік белдігі ең алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды. Ал қауіпсіздік белдігін тақпаған жағдайда ҚР ӘҚтК-нің 463-бап 4-бөліміне сәйкес 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылады.