Несиенің қай төлем түрі тиімді?
Несие келісімшартында несие өтемінің үш түрі ұсынылады: аннуитеттік, дифференциалдық және тепе-тең үлес. Осының қай түрін таңдаған тиімді?
Гүлзира, Семей қаласы
Тепе-тең үлес деп отырғаныңыз аннуитеттік несие төлемі болып табылады. Несиелендірудің бастапқы кезеңінде бұл төлем түрі жаппай қолданылды. Мұндай жағдайда ай сайын тек бір соманы төлеп отырасыз. Оның бірінші кемшілігі, сыйақы пайызы бойынша жасаған төлем сомасы дифференциалдыққа қарағанда әлдеқайда артық болып шығады. Мысалы, 10 жылға белгіленген несие ставкасы 12 пайыздық аннуиттетік төлем осы кезеңге белгіленген несие ставкасы 14 пайыздық дифференциалдық төлемнің сомасына сайма-сай келуі мүмкін. Екіншіден, дифференциалдық төлемнің басты кемшілігін аннуитет те қайталайды: тепе-тең үлес деген бұл арада бос сөз, мұнда да алғашқы жылдар мен айларда несиенің нақты сомасын емес, пайыздық мөлшерлемесін жабасыз. Ал дифференциалдықта негізгі қарыз сомасы тең бөлікке бөлініп, ай сайын әлгі бөлік пен қосымша пайыз мөлшерлемесі қатар төленеді. Бұл арадағы қиындық – бастапқы соманың жоғары белгіленуі. Салыстырмалы түрде алғанда дифференциалдық төлемді таңдаған әлдеқайда тиімді.