Тарихи деректерге қарасақ, түркілердің қыпшақ әулетінен шыққан мәмлүктер Мысырды 1250-1390 жылдар аралығында басқарып тұрыпты-мыс. Ал біз жиі сөз ететін Бейбарыс сұлтан 1260-1277 жылдарда ғана билік құрған. Сонда Бейбарысқа дейін, Бейбарыстан кейін бұл елдің билігінде отырған түркілер болған ба?
Айман, Астана қаласы
Мысырды мәмлүктердің екі әулеті билеген: Бахрлар (түркілер) – 1250-1390 жылдар, бурджалар (кавказдықтар) – 1390-1517 жылдар аралығына сай келеді. Десе де, түркіден шыққан сұлтандар 1516 жылға дейін Мысыр мемлекетінің сұлтандығына сайланып отырған. Түркілерден шыққан елге белгілі сұлтандар мыналар: Айбек (1250-1257), Бейбарыс (1260-1277), Калаун (1279-1290) Барсбей (1422-1438), Гури (1501-1516). Айбек пен Бейбарыстың сұлтандығы аралығында (1257-1260) Байғұш пен Құтұз билік еткен. 1516 -1517 жылдары түрік сұлтаны Селим І Сирия, Египет пен Палестинаны жаулап алып, мәмлүктердің үстемдігін жойды. Түріктердің жаулап алуынан соң Мысырдағы жердің бір бөлігі мәмлүктердің билігінде қалды. Мәмлүктер Каирдегі түрік пашасына алым төлеп тұруға міндеттенді. XVII ғасырдың соңында Осман империясының әлсіреуі мәмлүктердің өз билігін қалпына келтіруіне мүмкіндік берді (1711-1798).
Мысырды билеген түркі-мәмлүк сұлтандар кімдер?
Последние статьи автора