Көзі мүлде көрмейтін, дәретке табиғи жолмен отыра алмайтын (бүйірінен шлангімен алады) бірінші топтағы мүгедекке радиотелефон, диктофон берілуі тиіс пе? Осындай жандарға тиесілі техникалық көмекші құралдардың тізімі туралы мағлұмат берсеңіздер.
Айтқазы ӘЛМӘМБЕТ, Алматы облысы
ҚР Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №754 қаулысымен бекітілген заң негізіндегі жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету көзделген. Бұл, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бойынша, мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тифлотехникалық құралдар бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балалардың өтініштерінің негізінде аумақтық орган әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы аясында қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тiзбесi мынадай: 1) таяныш таяқтары; 2) тифломагнитолалар; 3) оқу машиналары; 4) компьютерлiк тифлокешендер; 5) брайл жүйесi бойынша жазу құралы; 6) брайл жүйесi бойынша жазу грифелi; 7) рельефтi-ноқатты қәрiппен жазуға арналған қағаз; 8) диктофондар; 9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; 10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар. Осы тізімнен қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңыз қажет.
Мүгедектерге қандай көмекші құралдар беріледі?
Последние статьи автора