Мондиализмнiң мәнi не?
Сарапшылар «жаһандану» ұғымымен қатар, «мондиализм» деген терминдi де жиi қолданады. Мондиализм дегенiмiз не?
Маржан АСҚАРОВА, Алматы қаласы
Мондиализм мәнi – АҚШ-тың дүние- жүзiндегi гегемонды саясатын жүргiзуi үшiн америкалық геосаяси сарапшылардың қарастырған тұжырымдамасы. Бұл – Батыстың Шығыспен арадағы бәсекесi нәтижесiнде қалыптасқан әлемге ортақ үкiмет құру идеясы. Француздың «monde» – әлем деген сөзiнен шыққан. Мондиализм XX ғасырдан бастау алған. Сол кезеңде қарт құрлықтағы мемлекеттердiң Еуропаның Құрама Штаттарын құру идеясы болған. Кейiннен бұл түсiнiк өзiнiң формасын өзгертiп, әлемдегi орталықтанған құрылым мағынасын бере бастады. Бұл қозғалыстың жарқын көрiнiсi ретiнде қазiргi кездегi Еуропалық Одақты айтуға болады. Мондиализм қарусыздануды, интеграциялануды, бейбiтшiлiктi насихаттайды. Негiзгi мәнi – бiр әлем, бiр мемлекет.