«Медеу» атауы қайдан шыққан?

«Медеу» атауы қайдан шыққан?

Көптен бері бір сұрақ қызықтырып жүр. Біз «Медеу» деп атайтын мұзайдынның атауы ненің немесе кімнің құрметіне аталды? Менің білуімше, Медеу – адамның есімі. Сонда спорт кешеніне адамның есімі берілген бе?
Айым Әлдиярова,
Алматы қаласы
Дұрыс айтасыз, «Медеу» спорт кешеніне адам есімі берілген. Бәлкім, білерсіз, Алматы қаласының атауы әлі Верный болып тұрған тұста, ХІХ ғасырдың соңында Медеу Пұсырманов деген қоғам қайраткері өмір сүрген. 1850 жылы дүниеге келіп, 1908 жылы небәрі 58 жасында дүниеден өткен. Медеудің әкесі Пұсырман батыр болыпты. Медеудің өзі де жастығында батырлығымен көзге түскен. Малдың бабын жақсы білетін Медеу жағдайын тез жасап алады. Қоғамда сөзі өтетін, беделді кісі болған. 1893 жылдары Верный қаласының бір ауданын басқарған. Өзі басқарған аудан тез гүлденіп, сол кездердегі ірі құрылыстар бірінші сол ауданда пайда болған көрінеді. Әсіресе қазақ жастарына ерекше көңіл бөлген Медеу Пұсырманов қазақ балаларына арнап арнайы пансионат та ашқан екен. Өзінің де балалары көп болған. 12 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсіріпті. Қажылыққа да барып қайтқан. Оның атағы, қайырымдылығы, бай­лығы, қарапайымдығы жайында атақ­ты Жамбыл Жабаев та өз айтыстарында талай мәрте айтқан деседі.
1949 жылы Медеу мұзайдынының құрылысы бастал­ғанда, спорт кешеніне Медеу Пұсырмановтың есімін беру туралы шешім бірауыздан қабылданыпты. Өкінішке қарай, өзге ұлт өкілдері мен шала қазақтар Медеу спорт кешенін әлі күнге дейін «Медео» деп атап келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста