Мақта-мата комбинаты іске қосыла ма?

Мақта-мата комбинаты іске қосыла ма?

Жуырда мамандар «Алматы мақта-мата» комбинатын және «Ал­маты аяқкиім» фабрикасын іске қосу жөнінде пікір қозғады. Жалпы, қазірде елімізде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын қанша кәсіпорын бар? Алдағы уақытта олардың көлемі қаншаға өспек?
Айгүл Әзбергенова, кәсіпкер
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп­орындары қауымдастығының төр­­айы­мы Любовь Худованың мә­­лі­м­­де­уін­ше, 2011 жылдың қо­­­ры­тын­дысы бо­­­йынша, елімізде то­­қыма өн­ді­рі­сімен айналысатын – 39, киім шы­ғаратын – 32, тері өн­діру және оған қа­­­тысты өнімдер өн­ді­ретін бес ірі жә­не орташа кә­сіп­орын бар. Бұл кәсіп­орындар рес­публиканың жалпы ішкі өнімінде бұ­рынғы деңгейге жете ал­май отыр. Де­сек те, бізде бұл са­ла­ны өр­­кен­де­тудің, сол арқылы халықты жұ­мыс­пен қамтудың мүм­кін­діктері жет­­кі­лікті. Мысалы, Қа­зақстанда то­қы­ма өнер­кәсібіне негізгі ши­кізат бо­лар­лық жылына 450 мың тоннаға де­йін мақ­та жинауға болады. Оның үш­тен бі­рі немесе 140-160 мың тон­насы та­за талшыққа ай­на­лады. Оған қо­сымша 25-30 мың тон­на жүн және 7-7,5 миллион дана тері өн­діріледі. Бұл ретте мамандар: «1 тонна мақта тал­шығының әлемдік на­рық­тағы құны 1200 АҚШ долларына тең де­сек, ол жіп­ке айналғанда – 3200, ма­таға ай­налғанда – 7200, ал да­йын тауарға ай­налғанда 8400 дол­ларға дейін пай­да әкеледі. Егер жо­ғарыда ай­тылған 160 мың тонна мақ­та тал­шығы тү­гелдей өз елімізде соң­ғы да­йын өнім­ге айналатын бол­са, ол 1 мил­лиард 340 миллион дол­­лардан аса та­быс әкеледі» дей­ді... Осыны ес­кер­ген мамандар мақ­та-мата өн­ді­ретін елі­міздегі ең ірі «Ал­маты мақта-ма­та» ком­бинатын және «Алматы аяқкиім фа­брикасын» көп кешіктірмей қайта іс­ке қосу қажеттігін алға тартып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста