Ләззаттың өлімі жұмбақ күйінде қалып отыр

1986 жылы Желтоқсан көтерілісінде небәрі 16 жасында қыршын кеткен батыр қыз Ләззат Асанова, шын мәнінде, өзін-өзі өлтірді ме?
Асылхан,
Алматы облысы
Ләззат Асанова 1970 жылы қа­зіргі Алматы облысы Панфилов ау­да­ны­на қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне оқуға түскен. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматыда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Көтеріліс қатыгездікпен жаныш­талғаннан кейін басқа да ұстал­ған 87 адам қатарында Аса­но­ва­ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Ал­ма­ты қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде рес­пуб­ли­ка Жоғарғы Кеңесінің төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Иг­на­тов­тың мәліметтеріне қарағанда, Ләз­заттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қара­мастан, мәйітті туған ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләз­затты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның бас сүйе­гінің шүйдесі ойылып кеткені анықталған. Осыған қарағанда, ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Бірақ он екіде бір гүлі ашыл­маған қызғалдақтай аруымыздың өлі­мі бүгінге дейін жұмбақ болып ке­леді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста