«КСРО-ның Халық әртісі» атанғандар қанша?

Елімізде «Халық әртісі» атанған ардақты тұлғалар көп. Олардың бірқатары мұндай дәрежеге Кеңес Одағы кезінде ие болған. Еңбегі мен таланты күллі Одақ көлеміне танылып, «КСРО Халық әртісі» атаған иеленген қазақстандықтар қанша?
Әсем БАЗАРОВА, Жамбыл облысы

«КСРО Халық әртісі» – Кеңес Одағының театр, музыка, кино, цирк және телехабар және радиохабар тарату саласын дамытуда ерекше еңбегімен көзге түскен көрнекті өнер қайраткерлеріне берілген құрметті атақ. Өнер мен мәдениет саласындағы ең жоғарғы атақ саналған бұл мәртебе ең алғаш 1936 жылдың қыркүйегінде берілген. Қазақстан тарихында бұл мәртебеге 27 өнер тарланы ие болыпты. Құрметті төсбелгіні омырауына таққан тұңғыш қазақ – халқымыздың бұлбұлы, опера әншісі Күләш Жасынқызы Байсейітова. Одан кейін 1959 жылы – Шәкен Айманов, Роза Жаманова, Қалибек Қуанышбаев, Ермек Серкебаев, Мұқан Төлебаев, Валентина Харламовалар, 60-жылдары – Ришат Абдуллин, Роза Бағланова, Владимир Дуров, Бибігүл Төлегенова, Лидия Чернышевалар, 1976 жылы – Әзірбайжан Мәмбетов, 80-жылдары Асанәлі Әшімов, Фарида Шәріпова, Ғазиза Жұбанова, Еркеғали Рахмадиев, Шолпан Жандарбекова, Александр Лемберг, Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Әлібек Дінішев, Құддыс Қожамияровтар иеленген. «КСРО Халық әртісі» атағын алған ең соңғы қазақстандық – Сыдық Мұхамеджанов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста