Қазақтың тұрмысы салт-дәстүрге, ырым-жоралғыға бай. «Адам көркі – шүберек» дейтін халқымызда киімге қатысты қандай ырым-тыйымдар бар?
Айнұр Тәкенқызы, Алматы қаласы
Киім сатып алғанда халқымыз бір-біріне «киімің – тозғақ, өмірің озғақ болсын» деген тілек айтады. Бұл шүберек тозса тозсын, өмірің тозбасын деген мағынаны береді. Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды деген түсінік бар. Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астына басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады дейді. Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Бұл тек соғыс кезінде ғана рұқсат етілген. Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Сенім бойынша, бұлай еткен азамат еркектік қасиетінен айырылады. Аналар үшін мына ырымдарды білген жөн: нәрестенің иткөйлегін далаға тастауға болмайды. Олай жасаған жағдайда сәби сырқаттанып қалуы мүмкін. Сондай-ақ «жын-пері қағып кетеді» деген түсінік бойынша, үлкендер келіншектерге баланы жалаңбас емізуге тыйым салады.
Киімге де тыйым бар
Последние статьи автора