Елімізде өткен VII қысқы Азия ойындарының символы ретінде бастапқыда арқар, түлкі, бөкен сияқты аңдардың таңдалмақшы болғаны белгілі. Алайда ұйымдастырушылар Ирби атты барыстың баласын лайық деп тауыпты. Менің сұрайын дегенім, Азиада тұмарының Ирби аталу себебі неде? Ирбиді таңдап алуға қандай аңыз түрткі болды екен?
Самат АҚЖОЛҰЛЫ, оқушы
Ирби – кәдімгі жотасын қар басып жатқан биік тауларда жүретін ілбіс деген аң. Тұрқы барысқа келетіндіктен қазақтар оны ақ барыс деп те атай береді. Сақтардың мифтік нанымдарында бұл аң адалдықтың қорғаушысы болып табылған. Ал енді осы ілбісті тұмар ретінде таңдап алу үшін мынадай аңыз ойлап табылды: «Биік тауда Ирби атты қар барысы өмір сүреді. Оның шапшаңдығымен, күшімен, төзімділігімен ешкім де сынға түсе алмайды. Бәрінен де ол ойнағанды – қарда ойнақ салуды, жартастардан секіріп, бір жерде отырмау үшін әрдайым түрлі ермек ойлап табады. Бірақ, өкінішке орай, асқақ тау шыңдарында ойнайтын жан жоқ – тек үркек арқарлар мен маңғаз қырандар ғана, ал Ирби өте ықыласты және бейбітшіл.
«Ирбидің» пайда болуына қандай аңыз түрткі болды?
Последние статьи автора