Ешкітау – палеоген дәуірінде түзілген тау
Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Үлкен Ешкітау республикадағы айрықша табиғат ескерткіштерінің бірі деп естиміз. Осы жер туралы кеңірек мағлұмат беруге бола ма?
Талғат МӘЛІКҰЛЫ, Орал қаласы
Ешкітау Оралдан батысқа қарай 83 шақырым жерде Тасқала ауданы аумағында орналасқан. Биіктігі – теңіз деңгейінен 254 метр. Палеоген дәуірінде түзілген. Түрі конус тәрізді, ондаған шақырымнан көрінеді. Басы құмайт, етегі борлы сазды. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген эндемик өсімдіктердің көптеген түрі кездеседі.
Аң-құстардан дуадақ, дала бүркіті, дала бозторғайы, қараторғай, борсық, қоян, түлкі кездеседі. Таудың батыс беткейі өлкенің геологиялық тарихын зерттеу үшін маңызды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу