Өркениетті қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, баланы бала демей, тіпті солардың өзіне неше түрлі айуандық жасайтындар көбейіп кетті. Сондай қылмыскерлерге ел құлағы естімеген ауыр жаза қолданылса, бейбастақтық тыйылар ма еді деген де ой келеді. Жалпы, бүгінгі уақытта өзге елдерде қолданылып жүрген ауыр жаза түрлері қандай?
Еңлік ҚҰРМАНБАЙ, Түркістан қаласы
Орта ғасырларда әр қылмыстың өзіне сай жаза қолданылғаны белгілі. Мысалы, жалған ақша жасаушылардың көмейіне балқытылған қорғасын құю, ұры-қарылардың қолын шабу әрекеттері болған.
Бүгінгі уақытта ерекше аяусыз жазалар тек кейбір мұсылман мемлекеттерінде ғана қолданылып жүр. Шариғат бойынша кең таралған жазалардың бірі күнәһарды таспен ұру болып табылады. Яғни қаумалаған жұрт айыпты қашан жан тапсырғанша оны таспен атқылайды. Жазаға тартардың алдында кейде ондай адамды белуарына, тіпті мойнына дейін жерге көміп қойып, тасты тура басына ату жағдайлары да кездеседі.
Ең ауыр жаза түрлері қандай?
Последние статьи автора