Алматы қаласы жеңіл көлік саны жөнінен көш бастайды
Елімізде биыл, әсіресе алғашқы жартыжылдықта жеңіл автокөліктердің саны көбейгені белгілі. Білгім келетіні – бүгінде қай облыста жеңіл машина көп?
Нұрлыбек Медетов, Алматы қаласы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, биылғы мамырдың біріне дейінгі аралықта елімізде 3 199 288 жеңіл автокөлік тіркелген. Шілденің біріне дейінгі аралықта бұл көрсеткіштің біраз көбейгені белгілі. Дегенмен әр облыстың жеңіл автокөліктер саны жөніндегі рейтингі сақталған. Мамырдың 1-індегі мәліметке қарағанда, республика бойынша жеңіл машиналарының көптігі жөнінен Алматы қаласының көш бастайтыны белгілі болды. Оңтүстік астанадағы жеңіл көліктердің саны – 473 781. Бұдан кейінгі орындарда Алматы облысы (372 730), Оңтүстік Қазақстан облысы (354 013), Шығыс Қазақстан облысы (282 368), Қарағанды облысы (249 349) тұр. Жеңіл машиналары ең аз өңірлердің қатарында Қызылорда (81 468), Атырау (94 365), Батыс Қазақстан (100 309), Маңғыстау (103 780) облыстары бар.