Мен өткен жылы мектепке аға тәлімгер болып қызметке келгенмін. Осы жазда маған 30 күндік еңбек демалысын берді. Ал мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысын алды. Маған неге 56 күндік еңбек демалысы берілмейді? Осы заңды ма?
Раушан Ақылбекова, Алматы облысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына сәйкес жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы аға тәрбиеші лауазымы аталған.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Аға тәлімгердің еңбек демалысы неше күн?
Последние статьи автора