29 жасқа дейінгі адамдардың жыныстық қатынасқа жиі түсетіндері анықталды. Сауалнама нәтижесіне сай, олар төсек қатынасына аптасына 2 рет немесе жылына 122 рет түседі екен деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұдан бөлек, 30-39 жас аралығындағы адамдардың өмірінде жыныстық белсенділік төмен. Олар жылына 86, ал аптасына 1,6 рет төсек қатынасымен айналысады.
40-19 жастағы адамдар жыныстық қатынасқа жылына 69 рет түседі екен.
Мамандар адамдардың жыныстық қатынаста туындайтын мәселелері дене әлсіздігімен емес, өмірлік жағдайлармен, бала тәрбиесімен байланысты екенін алға тартты.