«Абай – Әйгерім» спектаклі қайда кетті?

«Абай – Әйгерім» спектаклі қайда кетті?

Бұрындары М.Әуезов атындағы драма театрында «Абай – Әйгерім» деген спектакль қойылған екен. Сол туралы аз-маз мағлұмат білгім келеді.
Мөлдір ЖАҚЫП,
Алматы қаласы
«Абай» энциклопедиясының мәліметінше, «Абай – Әйгерім» спектаклі ұлы ақынның жас­тық шағы, оның Әйгеріммен арадағы ма­хаб­баты, адамгершілік қарым-қатынасы жайлы драмалық туынды. Оқиға желісі, әрине, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо­пея­сынан алынған. Пьесаны жазған – хал­қы­мыздың талантты актрисасы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бикен Римова. Бұл шығарма театр әртісінің драматургтік қабі­летінің де жоғары екенін байқатты. Қойы­лым­ды белгілі режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаров сахналады. Шығармада аса көрнекті ком­по­зи­тор, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сыдық Мұхамеджановтың музыкасы қолданылды. Қазақ өнерінің мэтрлары туғыз­ған драма 1980 жылы сәуір айында қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­де­миялық драма театрында тұңғыш рет қойыл­ды. Абай рөлінде Қазақстанның Халық әртіс­тері Әнуар Боранбаев пен Әшірәлі Кенжеевтер ойнады. «Абай – Әйгерім» 90-жылдардың ор­тасына дейін жиі сахналанғанымен, соңғы кездері қойылмай кетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста