Тұрсынбаева қандай ене екенін, күйеуінің бұрыңғы әйелімен достық қарым-қатынасы жайлы айтты

Тұрсынбаева қандай ене екенін, күйеуінің бұрыңғы әйелімен достық қарым-қатынасы жайлы айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева «қыз-келіншектерге отбасы бақытын үйрете отырып, өзім күйеуімді бұрыңғы отбасынан айыруға тырысып, қызғанатын болсам, менің сөзім мен ісім сәйкес болмайды» дейді. Ол күйеуінен тараған балалармен және қазіргі күйеуінің экс-жұбайларымен дос екен.

"Ия, балалары осында келді. Мен дұрыс қарсы алып, қыдыртып, қонақ еттім. Мен күйеуіммен бақытты болу үшін істедім мұның барлығын. Ол өткен өмірі. Балалардың еш кінәсі жоқ. Бұрыңғы жұбымен жараспай қалды, енді солай болып қалды. Оған ешкімді кінәлап, айыптаудың қажеті жоқ. Алматыда жұмыста жүрсем маған үлкен тәттілер толы сыйлық келіпті. Қыздар "кімнен?" деп сұрады. Күйеуімнің бұрыңғы әйелі десем таңғалды. Сондай дұрыс қарым-қатынастамыз",-дейді ақын.

Одан бөлек Нұрсейіт Жылқышыбай Айнұр Тұрсынбаевадан қазір қандай ене болып жүргенін сұрады.

«Ұлым үйленемін дегенде сөйлесіп алдым. «Егер оны жақсы көріп, үйленетін болсаң оны жылатпайсың. Бұрыңғыдай еркіндік, тек өзіңді ойлау болмайды. Соған бәрін қиямын десең үйлен. Ертең қыз жылап, ата- анасы маған хабарласып, ұятты жағдайлар болмайтын болсын» деп келісіп алдым.

Мен ол екеуінің отбасына мүлде араласпаймын. Келінді тәрбиелеу керек дегенмен келіспеймін. Олар кәмілет жасына толған, екеуі де оқыған, бес тіл білетін адамға не үйретесің? Қазір жастар бізден ақылды. Сондықтан мен оларға ақыл айтып, араларына кіріспеймін. Барсам иіліп дастарханын жайнатып тұрады, үлкенді сыйлауды біледі, оған не үйретесің?»,-дейді Айнұр Тұрсынбаева.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста