Әли Оқапов ұлы Зейіннің кімге ұқсайтынын айтты

Отандық әнші Әли Оқапов пен жұбайы Ақерке Бүркітбай биылғы жылдың ақпанында ұлды болды. Әли Оқапов баласының кімге ұқсағанын "Без прикрас" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Зейіннің өңі ақ. Оның қандай өңді болатыны бізге қызық болды. Өйткені, біздің (жұбайы екеуінің - ред.) өңіміз әртүрлі. Бірақ бет әлпеті күн санап өзгеріп жатыр. Суреттеу мүмкін емес. Бірақ анам менің бала кезде тура Зейін секілді болғанымды айтады. Себебі, бала кезде біздің де келбетіміз басқаша болады ғой. Оны ақ өңді Әли Оқапов болады деп үміттенемін", - деді Оқапов бағдарлама барысында. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады. Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты. Осыдан кейін Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетіп, әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйға тартты.





