Велокөлікті көп пайдаланатын қай қала?
Бүгінгі таңда велосипедті көлік құралы ретінде пайдаланатын елдер көбейіп келеді. Осы тұста менің білгім келгені – әлемде велосипедті ең көп пайдаланатын қалалар қай елдерде?
Дидар Өкінбаев, Қарағанды облысы
www.askmen.com сайтының мәліметіне қарағанда, әлем қалаларының арасында велосипедті ең көп пайдаланатын Нидерландының Амстердам қаласы көрінеді. Мұнда тұрғындардың 40 пайызы жұмысқа велокөлікпен барғанды жөн санайды екен. Болашақта қалада үлкен велотұрақ салыну жоспарлануда. Екінші орынды Данияның Копенгаген қаласы иеленіпті. Мұнда тұрғындардың 32 пайызы велосипедті пайдаланады. Қаланың кез келген бұрышында велокөлікті прокатқа алуға болады. Үшінші тұғырға Колумбияның Богота қаласы көтеріліпті. Қаланың 13 пайыз тұрғыны осы көлік түрін пайдаланғанды жөн санайтын көрінеді.