Адам ағзасының қалыпты жұмысы үшін бауырдың сау болуы аса маңызды. Өйткені бауыр қанды тазартады, ал таза қан - денсаулықтың кепілі. Қаны таза адам әрқашанда сергек жүреді, оның күш-қуаты мол. Ал қаны таза емес адамның иммунитеті төмен, ол әлжуаз, үнемі шаршап жүреді, басы жиі ауырады, ұйқысыздық мазалайды.
Қаққа толғаны қалай білінеді?
 
Қан айналымы кезінде қан бауырдан өтіп, онда зиянды заттар сезіледі. Осы заттар, егер денсаулық жақсы, зат алмасуы қалыпты болса, табиғи жолмен сыртқа шығарылады. Ал егер бауыр әлсіресе, онда сүзілген зиянды заттардан бауырда және өт қабында, өттің өзінде тас түзіледі, деп жазады Замана.
Бауыр ластануын көрсететін негізгі белгілері мынадай: бас себепсіз жиі ауырады, оң жақ қабырға астынан ауырсыну сезіледі, іші жиі қатады, тері сарғыш немесе жер түстес бола бастайды, тіл үстіне қақ тұрады. Сондай-ақ көз қарашы­ғының айналасы сарғыш тартады, кей-кейде жүрек айнып, адамның құсқысы келеді. Жиі кекіру, іш кебуі, ауыздан темір иісін немесе ащы дәм сезіну де бауырдағы қалыпсыздықтан хабар береді. Бауыры таза емес адам тез шаршайды, көңіл-күйі үнемі төмен тартып тұрады. Адам ашуланшақ, ұстамсыз болып кетеді.
Міне, осы аталған белгілердің қай-қайсысы білінсе де дәрігерге көрініп, тексерілген абзал. Әсіресе мұның бірнешеуі қатар мазаласа дәрігерге көрінуді кешіктірмеу керек. Дәрігер тиісті диагноз қояды, ем тағайындайды.
«Шөппен шаю» әдісі
Бауырды өз бетімен тазартуда емдік шөптерді қолдануға болады. Оны қалай қолдану керек екенін дәрігер анықтап беріп, ем барысын бақылап отырса, тіпті жақсы. Өйт­кені олардың да ағза ерекше­лігіне қарай әсер ететіндері болады. Сондықтан дәрігер мөлшерін, қолдану кезеңін анықтап берсе, қадағалап отырғаны дұрыс.
Ал енді бауырды тазартуда сізге мынадай шөптер көмекші бола алады: салаубас (бессмертник), бақбақ, жусан, жүгері шашағы, сүйелшөп (чис­тотел), жалбыз, итмұрын, мыңжапырақ (тысячелистник), цикорий, қалақай, жолжелкен, дымяшка. Бұлардың  өт қуатын қасиеті бар, оған қо­са әрқайсысы бауырдың әр бөлігіне өзіндік әсерін тигізеді. Сондықтан оларды кезегімен немесе бәрінен аралас­қан тұнба жасап қолдануға болады. Сонда бауыр толық әрі жан-жақты тазаланады. Бессмертник бұлардың ішіндегі ең мықтысы саналады.
Дәрмекті былай әзірлейді: ыдысқа әр шөптен (кептірілген, уақталған) 2-3 ас қасықтан салып, араластырады. Сосын термосқа 3-4 ас қасығын салып, үстінен жарты литр қайнаған су құяды. Бұл &ndash бір күндік мөлшер. Керек уағында сүзіп құйып алып, ішіп тұрыңыз. Ішу тәртібі мынадай:
Таңертең жылы күйде 1 стакан, екіншісін ұйқыға жатар алдында ішіңіз. Осы әдіспен 1 ай бойы әзірлеп, ішіп тұрыңыз.
Бұл шөптерді бәрін қоспай, әрқайсысын жеке ішуге де болады. Бірақ кезегімен ішіңіз, қайсысы жақсырақ әсер етіп жатқанын аңғарып, ой түйіңіз. Осы дәрмекті қолданғанда сіз әр күн сайын әжетханаға барасыз, сонда ішіңізден «қажетсіз затпен» бірге қақтың түр-түрі шығады. Ал егер ішіңіз сұйылып кетсе, онда «дозаны» сәл көбейте де аласыз.
Егер шөп шайды ащы деп жаратпасаңыз, онда оған 1 шай қасық бал қосыңыз. Әйтеуір қант қоса көрмеңіз!
Бауырды бұлайша тазартуды, жоғарыда көрсетілгендей, 1 ай бойы жүргізесіз, сосын үзіліс жасайсыз. Тазарту жылына 1-2 мәртеден аспағаны дұрыс.
Зәйтүн майы &ndash жәрдемші
Бауырды зәйтүн майын қолданып тазартуға да болады. Өйткені ол - ең күшті өт қуушы өнім. Күніне 1 ас қасық қасық зәйтүн майын ішіп тұрса, өт көп бөлінеді де, майлар ыдырап, ішек жұмысы жақсарады. Өт бауырда, өт қабында іркілген қақты өзіне тартып, ағзадан табиғи жолмен шығарады. Бұл майдың «Экстра вижи» деп ата­латын сұрыбы пайдалырақ, өйт­кені ол термиялық әрекетсіз, таза сығынды күйінде алынады. Табылмаса, зығыр (льняное) немесе самырсын (кедровое) майы да жарайды.
Тазартуды күн сайын таңертеңнен бастайды. Аш қарынға 1 ас қасық май ішсеңіз, жетіп жатыр. (Оған аздап лимон шырынын қоссаңыз да болады). Мұндай тазартуды 1 ай, 2 ай, тіпті ай сайын жасауға да болады. Жағда­йы­ңызға қарай көресіз. Пайдасы болмаса, зияны жоқ.
Егер бауырыңыз ластанған болса, жоғарыда аталған тәсілдерді дұрыс қолданып, оны тазартсаңыз, онда сізде мынадай өзгерістер пайда болады: денсаулығыңыз жақсарғанын сезінесіз. Қан тазарғасын ағзаның барлық жұмысы жақсарады. Бастың ауыруы жоғалады, тыныс жолы, ас қорыту жақсарады. Ауыздан жағымсыз иіс, ащы дәм жоғалады, терінің түсі оңалады, көз қарашығының айналасы өзінің табиғи реңін табады, көз астындағы қара дақтар, оның қалталанып тұруы жойылады, тіпті ұсақ әжімдер де жоғалады. Өзіңізді жеңіл сезініп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Бір­шама жасарасыз, тіпті мінезіңіз жұмсарады.