Айына бір рет дәрігерге барады

Айына бір рет дәрігерге барады

Әлемде ең ұзақ жасайтын жапондар екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонда мұның қандай құпиясы бар?

 Жапондар ешқашан асқазанын керіп тамақ ішпейді. Оларда тамақ ішудің де сан ғасырлық өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Тамақты түк қалдырмай жеп қою әдеті жоқ.

Қуырылған тамақты көп жемейді. Негізінен бұқтырылған немесе қайнатылған асты жақсы көреді. Егер қуыратын болса, майды өте аз мөлшерде пайдаланады екен. Дайын болған тағамдарын шағын ыдысқа салып қояды. Үлкен қасықпен тамақ жемейді. Олар астарын кішкентай ғана қысқа таяқшалармен жеуге дағдыланған.

Сұйық тамақты өте жақсы көреді. Сорпаларында теңіз өнімдері мен балдырлар, әртүрлі шөптер болады. Ал теңіз өнімдерінде ағзаға қажетті дәрумендер өте көп екені белгілі.

Жапондықтар гарнир ретінде күріш пен көкөністі көбірек тұтынады. Тапсырыс бергенде соя мен балдырға көп мән береді.

Оларда шай дайындаудың да мыңжылдық мәдениеті қалыптасқан. Түрлі пайдалы қоспалар қосылған көк шайды көбірек ішеді. Шайды ұнтақ түрінде пайдаланады. Өздері өсіріп, өздері баппен жинап алады.

Не жесе де сапалы, қазір ғана қазаннан түскен немесе бақшадан қазір жұлынған өнімдерді жейді. Олар тоңазытқышта екі-үш күн жатқан етті пайдаланбайды.

Мейрамханаға тамақтануға бара қалса, сондағы жегісі келген, кішкентай су астауында жүзіп жүрген балықты өздері көрсетеді. Аспаз клиенттің көз алдында оны сойып, суға немесе буға пісіріп береді.

Күніне екі рет жуынуды әдетке айналдырған. Бұл тазалықты білдіреді. Адамдардың басым бөлігі қоғамдық көлікке мінеді. Жұмысына жаяу баратындар да көп.

Жапондар жылына 12 рет дәрігерге барады. Ол міндетті. Заңмен бекітілген.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста